Жеке еңбек дауларын шешудің өзекті мәселелері
DOI:
https://doi.org/10.26577/JAPJ.2022.v102.i2.08Аннотация
Бұл мақалада жеке еңбек дауларының ведомстволық бағыныстылығының ерекшеліктері қарастырылады. Қазақстанда қазіргі таңда жеке еңбек дауларының құқықтық реттелуі еңбек құқыққатынастарының маңызды мәселелерінің бірі болып табылады.
Қазіргі кезеңде қолданыстағы заңнамада еңбек дауларын сот арқылы реттеуді кеңейту үрдісі кең ауқымды қолданысы байқалады. Алайда, жеке еңбек дауларын шешудің сотта қаралу процессі ақылы, ұзақ және тым ресми емес екенін және сот екі тараптың мүдделерін бірдей қанағаттандыра алмайтындығын есте ұстаған жөн. Мұның бәрі қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы қарым-қатынасқа теріс әсерін беретіні айқын, бұл әлеуметтік шиеленістің өсуіне ықпал жасайды. Еңбек дауларының пайда болуы, әдетте, даудың тікелей себебі болып табылатын еңбек саласындағы еңбек құқық бұзушылықтарынан бұрын болады. Еңбек ету құқық бұзушылық - бұл еңбек саласындағы еңбек міндеттерін орындамау немесе тиісінше орындамау, сондай-ақ жұмыстан босату, демек, осы құқықтық қатынастардың басқа субъектісінің жеке құқықтарын бұзу болып саналады.
Зерттеу жұмысын жазудың әдіснамалық, сонымен қатар теориялық негізі жалпы ғылыми әдістер, атап айтқанда танымның диалектикалық әдісі, эмпирикалық әдіс және формальды-логикалық әдіс болып табылады.
Түйін сөздер: еңбек құқығы, еңбек кодексі, жеке еңбек даулары, жеке еңбек дауларының ведомтволық бағыныстылығы, сот, келісу комиссиясы.