ҚҰҚЫҚ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ПЕН БЛОКЧЕЙН: ҚҰҚЫҚТЫҚ НОРМАЛАРДЫ ЖЕТІЛДІРУ ТУРАЛЫ СҰРАҚҚА
DOI:
https://doi.org/10.26577/JAPJ202511641Аннотация
Қазіргі цифрлық трансформация жағдайында жасанды интеллект пен блокчейн технологияларын құқықтық реттеуді зерттеу барған сайын өзекті болып келеді. Осы жұмыстың мақсаты көрсетілген салалардағы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын талдау, оның олқылықтары мен қайшылықтарын анықтау, сондай-ақ құқықтық нормаларды жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдау болып табылады. Мақалада дербес деректерді қорғауды, смарт-келісімшарттардың азаматтық-құқықтық мәртебесін және цифрлық активтердің жұмыс істеуін қоса алғанда, реттеудің негізгі бағыттары қаралады. Зерттеудің ғылыми маңыздылығы өзара байланысты екі технологияны және олардың құқықтық тәуекелдерін зерделеудің кешенді тәсілінен тұрады. Практикалық маңыздылығы тұтас нормативтік базаны қалыптастыруға бағытталған нақты ұсыныстарды әзірлеуден көрінеді. Зерттеу әдіснамасы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарын, «Астана» халықаралық қаржы орталығының заңға тәуелді актілері мен материалдарын талдауға, сондай-ақ шетелдік практикамен салыстыруға сүйенеді. Негізгі нәтижелер жасанды интеллект туралы арнайы заң қабылдау, дербес деректер туралы заңнаманы жаңарту және смарт-келісімшарттардың заңды күшін тану қажеттігін көрсетеді.
Ғылыми мақала 2025-2027 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша гранттық қаржыландыру шеңберінде (Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті) ИРН AP26199757 «Жасанды интеллект пен блокчейн технологияларының интеграциясы жағдайында Қазақстанның трансформациясының құқықтық мәселелері» жобасын іске асыруға бағытталған.
Түйін сөздер: жасанды интеллект, блокчейн, сандық активтер, құқықтық реттеу, технологиялар.
