ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРА ОБЪЕКТІЛЕРІН ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚОРҒАУДЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JAPJ202511536

Аннотация

Қазақстан - тарихи мұраларға, мәдени құндылықтарға, салт-дәстүрге бай мемлекет. 

Қазақстан Республикасы егемен мемлекет ретінде қалыптасқан кезден бастап елдің тарихи-мәдени мұрасын сақтау мәселесі мемлекеттің басты міндеттерінің біріне айналды. Елімізде тарихи-мәдени мұраның сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар мемлекеттік бағдарламалар қабылданды. Мысалы, «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы жаңа тарих және мәдениет ескерткіштерін ашу, маңызды тарихи-мәдени объектілерді реставрациялау және қайта жаңарту, елдің мәдени мұрасын зерделеудің тұтас жүйесін құрайтын іс-шаралар кешені  болып табылады. Бағдарлама аясында отандық тарих және мәдениет ескерткіштеріне ауқымды түгендеу жүргізіліп, нәтижесінде республикалық 218 ескерткіштің және жергілікті 11 277 маңызы бар мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімдері бекітілді. ЮНЕСКО Дүниежүзілік мұрасының тізіміне Қожа Ахмет Яссауи кесенесі және Тамғалы археологиялық ландшафтының петроглифтері, сондай-ақ «Сарыарқа - Солтүстік Қазақстанның далалары мен көлдері» табиғи мұра объектісі енгізілді.

Тарихи-мәдени мақсаттағы жерлерді реттейтін құқық нормалары Қазақстан Республикасындағы тарихи-мәдени мақсаттағы жерлерді табиғи ресурс ретiнде пайдалану мен қopғay, ол жердi ұтымды ұтымды пайдалану, жер қатынастары субъектiлерiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн жүзеге асыру қатынастарын реттейді.

 Зерттеудің мақсаты - тарихи-мәдени мұра объектілерін ресми танудың, ұтымды пайдалану мен оларды қорғаудың құқықтық аспектілерін анықтау болып табылады.

Мақалада авторлар тарихи-мәдени мұра объектілерін ресми тануда олардың айрықша белгілерін көрсетуге тырысады. Авторлардың пікірінше, біріншіден, тарихи-мәдени мұра объектілері біріншіден, бұл жылжымайтын мүлік объектілері, себебі бұл объектілер жермен тығыз байланысты және олардың жерді пайдаланбай жұмыс істеуі мүмкін емес.Екіншіден, тарихи-мәдени мұра объектілерінің қалыптасуы мен дамуының тарихы бар. Үшіншіден, тарихи-мәдени мұра объектілер жылжымайтын мүлік объектілері ғана емес, сондай-ақ, тарих, археология, сәулет, қала құрылысы, өнер, ғылым және этнология, антропология, мәдениет тұрғысынан құндылығы бар объектілер.

Түйін сөздер : тарихи-мәдени мұра, мәдениет ескерткіштері, тарихи-мәдени мұра объектілері, мәдени құндылық.

.

Авторлардың биографисы

И.С. Несіпбаева , Шерхан Мұртаза атындағы Тараз инновациялык институты, Қазақстан, Тараз қаласы

заң ғылымдарының кандидаты, Шерхан Мұртаза атындағы Тараз инновациялык институтының қауымдастырылған профессоры

А.И. Рзабай, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, Қазақстан, Тараз қаласы

PhD, М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің қауымдастырылған профессоры

О.Ж. Несіпбаев, Оңтүстік аймағы әскери прокуратурасы, Қазақстан, Тараз қаласы

Оңтүстік аймағы әскери прокуратурасы

Как цитировать

Несіпбаева, И., Рзабай, А. ., & Несіпбаев, О. . (2025). ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРА ОБЪЕКТІЛЕРІН ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚОРҒАУДЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ. Journal of Actual Problems of Jurisprudence, 115(3). https://doi.org/10.26577/JAPJ202511536

Шығарылым

Бөлім

АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ ПЕН ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫ