Азаматтық қоғам: теоретика-ғылыми құқықтық көзқарастары
Аннотация
Мақалада азаматтық қоғамның заманауи түсінігі қарастырылған. Азаматтық қоғам туралы
ғалымдардың жаңа көзқарастарын заңи көзқарастар негізінде жаңаша түсіндірмелермен
ұштастыра қарастырған. Адам адамзаттың дамуында адам өмір сүрді әрі өмір сүріп келеді,
қоғам келесідей түрлерге бөлінеді: ауыл шаруашылыққа, акционерлік, әлеуметтік, азаматтық
және т.б. Аталған қоғамдық қатынастардың дамуының күрделілігі жоқ, себебі адами фактормен
тығыз байланысты, белгілі бір мемлекеттің азаматтарына бағытталған. Қоғамдық қатынастардың
дамуына қарай, жоғарыда аталған қоғам өмір сүруді тоқтатуы немесе одан әрі жалғасуы мүмкін.
Ғалымдардың тәжірибелік талдауы бойынша деректерге сүйене қоғамның дамуы барысында
кейбір қоғамдар өздерінің қызметін тез арада қалыптастырады және тоқтатады, яғни заңды
тұлғалар түрінде олар өз қызметін тоқтатады және таратады, мысалы, акционерлік қоғам,
жауапкершілігі шектеулі серіктестік және т.б. Азаматтық қоғамның кез келген институттарында
қызмет ету деңгейі дамудың критерийі болып табылады, бұл идеялардағы демократиялық
өмірдің тиімділігінің көрсеткіші. Қоғамның құрамында қоғамдық бірлестіктердің орны ерекше. Азаматтық қоғамның қалыптасуы Қазақстан халқының қоғамдық санасында демократиялық
және құқықтық мемлекет идеалдарын жүзеге асырады. Ашық азаматтық қоғамның идеологиясы
адам құқықтарының басымдықтарын және барлық азаматтық институттардың мүдделерін өзара
тануына негізделген. Оларды жүзеге асыру қоғамдық түсіністік пен келісімді нығайтуға ықпал
етеді. Бұл жағдайда ең оңтайлы түрде азаматтық қоғамның мүдделерін үйлестіріп, мемлекеттік
саясаттың тиімділігін арттыру қамтамасыз етіледі.
Түйін сөздер: қоғам, азаматтық қоғам, азамат, адам құқықтары, идеология, ерекше мемлекет,
даму, демократия, кезеңдер, құқықтық мемлекет, азаматтық.