ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЛУДОМАНИЯҒА ҚАРСЫ ЗАҢНАМАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.26577/JAPJ2024.112.i4.a14Аннотация
Ұсынылып отырған зерттеудің мақсаты Қазақстан Республикасында лудоманияның орын алу жағдайларына құқықтық сараптамалық талдау жасау, лудомания себептеріне ғылыми зерттеу жасау, Қазақстан Республикасының және кейбір шет мемлекеттерінің лудоманияға қарсы заңнамалық актілеріне зерттеу жүргізу және Қазақстан Республикасында лудоманияға қарсы заңнаманы қалыптастыру бойынша құқықтық ғылыми қорытындылар жасау.
Соңғы уақытта саны артып келе жатқан және адамның мінез құлқына теріс әсер ететін қоғамға жағымсыз құбылыс - лудоманияның орын алуына байланысты ғылымда осы мәселені ғылыми тұрғыдан зерттеу қажеттілігі артып келеді. Дамыған мемлекеттер мемлекеттік саясатты өзінің мемлекеттік құрылыс және құқықтық жүйелерінің ерекшеліктеріне қарай әр түрлі әдістермен лудоманияға қаросы саясаттарын жүргізіп келеді. Қазақстан Республикасы жағдайында лудоманияға қарсы заңнамалық саясат өзіндік ерекше сипатқа ие болуы тиіс. Қоғамдық қатынасқа ең тиімді ықпал ету құралы заңнама болғандықтан, заңнамалық реттеуді ғылыми тұрғыдан қалыпқа келтіру өзекті мәселе. Сол себептен де авторлар лудоманияға қарсы заңнаманы қалыптастыруды алдымен құқықтық ғылыми тұрғыдан зерттеуді ұсынып отыр.
Зерттеу жұмысында құқықтың ғылыми зерттеу әдістері кеңінен қолданылды. Мақаланың талқылау бөлігінде логикалық әдістер атап айтқанда, индукция, дедукция және аналогия әдістері қолданылса. Заңнамадағы олқылықтар мен қарама-қайшылықтарды анықтау барысында салыстырмалы құқықтық әдістер қолданылды. Бұл зерттеуді Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім Министрлігінің Ғылым комитеті қаржыландырады (№BR. 24992927 бағдарламасы).
Түйін сөздер: Қылмыстық құқық, лудомания, лудоман, қылмыстық заңнама, құмар ойындар, сыбайлас жемқорлық, лоторея, гемблинг, қылмыстың алдын алу.