ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТТІ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУДІҢ КЕЙБІР ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ: ШЕТЕЛДІК ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ ТӘЖІРИБЕ
DOI:
https://doi.org/10.26577/JAPJ2024.112.i4.a1Аннотация
Бұл мақала Қазақстан мен кейбір шет елдердегі жасанды интеллект саласын құқықтық реттеу тәсілдерін зерттеуге арналған. Мақалада шетелдік озық тәжірибеге сүйене отырып, қазақстандық модельді құру мақсатында стратегиялық құжаттар мен заңнамалық реттеудің салыстырмалы талдауы жүргізілген. Сонымен қатар, Қазақстанда жасанды интеллектті реттеудің болашағы және халықаралық стандарттар мен тәжірибелерді қолдану бойынша ұсыныстар талқыланған. АҚШ, Еуропалық Одақ, Қытай және Ресейдің жасанды интеллектті кешенді реттеу тәжірибесіне ерекше көңіл бөлінген. Шетелдік тәжірибені талдау нәтижесінде жасанды интеллект ұғымын және заңнамалық деңгейде «жаңа» құқық субъектілерінің мәртебесін анықтау бойынша бірқатар шаралар ұсынылады. Бұл ретте мақалада кодификацияланған акт деңгейінде жасанды интеллектті реттеу асығыстықты қажет етпейтіні және егжей-тегжейлі пысықтауды қажет ететіні атап өтіледі. Бұл тәсіл реттеудің айқындылығы мен тиімділігін, сондай-ақ қоғамдық қатынастардың қарқынды дамып келе жатқан саласы үшін қажетті икемділікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Мақаланың мақсаты – қазіргі таңдағы жасанды интеллекттің орнын, оны қолданудың мүмкін салаларын анықтау бойынша негізгі мәселелерді қарастыру болып табылады. Әдістері: талдау және синтез, дедукция және индукция, салыстырмалы құқықтық. Жүргізілген зерттеу отандық заң шығарушыға, заңгерлерге, құқық қорғаушыларға, студенттерге және жасанды интеллектті құқықтық реттеуге қызығушылық танытқандарға пайдалы болады.
Түйін сөздер: жасанды интеллект, цифрландыру, технология, құқық, халықаралық тәжірибе