ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МАҚСАТЫНДАҒЫ ЖЕРЛЕРДІ ҰТЫМДЫ ПАЙДАЛАНУДЫ РЕТТЕУДІҢ КЕЙБІР ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JAPJ2024-111-i3-011
        81 11

Аннотация

Мақала ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің № AP14870596 «Жайылымдық экожүйелерді ұтымды пайдалану мен қорғауды құқықтық реттеу мәселелері» гранттық жобасы аясында дайындалды.

Қазақстан жайылым жер ресурстарының көлемі бойынша әлемде алтыншы орын алады. Халқымыздың 40 пайыздан астамы ауылды жерде тұратыны белгілі. Оның көбінің негізгі табысы да, күнкөріс көзі де қолындағы жеке малы десек, артық айтқандық емес. Алайда, соңғы жылдардағы жайылымның тапшылығы ауыл тұрғындары үшін үлкен мәселеге айналып отыр. Мемлекет басшысы 2021 жылғы Жолдауында осы мәселеге арнайы тоқталған болатын. Сол кезде Қасым-Жомарт Кемелұлы жайылымдық жерлерді тиімді пайдалануға баса мән беріп, жеке қосалқы шаруашылықтардың малын жайылымдық жермен қамтамасыз ету мәселесіне айрықша назар аударуда.

Жолдауда жер кодексі бойынша шетелдік тұлғаларға ауыл шаруашылығы жерлерінің берілмейтіндігі, сондай-ақ, тұрғындардың қосалқы шаруашылығындағы мал басын жайылыммен қамтамасыз ету және жем-шөп дайындауға керекті жерлер көлемін ұлғайтуға басымдық беру қарастырылған және жер саласындағы ашықтық пен жер кадастрлық ақпараттарға қолжетімділікті қамтамасыз ету мен жер қоры және жылжымайтын мүлік нысандары туралы деректердің бірыңғай ұлттық базасын құру тапсырылды.

Қазақстан Республикасының Салық кодексінде ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеуші кәсіпорындарға, ауыл шаруашылығына қарастырылған жеңілдіктер қарастырылмаған. Өңдеушілер шикізаттың 90% -ын ауылшаруашылығынан  шаруа  (фермерлік) қожалықтардан сатып алады, ал олар  қосылған құн салығынан босатылған. Ал дайын өнімнің бағасының 50% -ын шикізат құны құрайды. Осының салдарынан өңдеуші кәсіпорындар есепке жатқызылуға тиісті қосылған құн салығын  есепке жатқыза алмайды. Осының барлығы бүгінгі күні ауылшаруашылық өнімдерін қайта өндеуші кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін ынталандырмайды.

Ауыл шаруашылық шикізатын өндейтін кәсіпорындардың басты мәселелерінің бірі бұл отандық өнімдердің бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі. Кез-келген тауардың бәсекелестігінің негізін оның сапасы мен бағасының құрайтыны белгілі. Қазақстандық өңдеуші кәсіпорындардың өнімдерінің баға деңгейінің жоғары болуына банк несиелерінің пайыздық ставкаларының, транспорттық қызметтің бағасының жоғарлылығы, сонымен қатар әрекет ететін салық салу жүйесі, ерекше атап айтатын қосылған құн салығына байланысты.

Ауылшаруашылығынан түсетін салықтық  түсімдер деңгейі төмен және де ол тек ауылшаруашылығындағы қайта өңдеуге шоғырланған. Басқа салалармен салыстырғанда ауылшаруашылығынан түскен салық соммалары минималды болып табылады.

Салықтар мемлекеттің саяси және экономикалық қызметтерін қаржыландырудың негізгі көзі болып табылады, өйткені мемлекеттік бюджеттің түсімдерінің  90 пайызың салықтық түсімдер құрайды. Бүгінгі күні салық салу және салықтардың құрылымы бүкіл әлемге бәсекеге қабілетті болуға ұмтылуға көмек көрсету үшін, тиімділік пен тұрақтылықты ынталандыруы қажет және ол үшін салықтық реттеуді тиімді, орынды жүзеге асыратын салық саясаты болған жөн.

Түйін сөздер : жайылым жерлері, салық, ауылшаруашылық өнімдері, жер кадастры, игерілмеген жерлер, қосылған құн салығы, шаруа фермер қожалығы.

Авторлардың биографисы

Д.Н. Бекежанов, І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Қазақстан, Талдықорған қаласы

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің құқық саласы бойынша білім беру бағдарламасының жетекшісі, философия доктор (PhD), қауымдастырылған профессор

А.И. Рзабай, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, Қазақстан, Тараз қ.

философия докторы (PhD), Азаматтық құқықтық және процесс кафедрасының доценті

О.Ж. Несипбаев, Оңтүстік аймағы әскери прокуратурасы, Қазақстан, Тараз қ.

Оңтүстік өңірінің аға әскери прокуроры

Жүктелулер

Как цитировать

Бекежанов D., несипбаева I., Рзабай A., & Несипбаев O. (2024). ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МАҚСАТЫНДАҒЫ ЖЕРЛЕРДІ ҰТЫМДЫ ПАЙДАЛАНУДЫ РЕТТЕУДІҢ КЕЙБІР ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ. ҚазҰУ Хабаршысы. Заң сериясы, 111(3), 101–108. https://doi.org/10.26577/JAPJ2024-111-i3-011

Шығарылым

Бөлім

ТАБИҒИ РЕСУРСТЫҚ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚ