СТАЛКИНГ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫҢ ЖАҢА ТҮРІ РЕТІНДЕ: ОНЫҢ АМБИВАЛЕНТТІ СЕКСИЗММЕН БАЙЛАНЫСЫ, ГЕНДЕРЛІК ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА КӨЗҚАРАС

Авторлар

  • А.Ж. Ордаева Х.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Қазақстан, Түркістан қаласы https://orcid.org/0000-0001-5145-0763
  • К.Т. Битемиров Х.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Қазақстан, Түркістан қаласы https://orcid.org/0000-0003-0840-3042
  • Л.А. Болатбекова М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Қазақстан, Шымкент қаласы https://orcid.org/0000-0002-3417-1209
  • Б.С. Исахов Х.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Қазақстан, Түркістан қаласы https://orcid.org/0000-0002-5033-9681
  • С.Б. Абутаева М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Қазақстан, Шымкент қаласы https://orcid.org/0009-0003-3989-9260

DOI:

https://doi.org/10.26577/JAPJ2024-110-b-013
        68 23

Аннотация

Бұл мақалада, сталкинг зорлық-зомбылықтың жаңа түрі ретінде көзқарастар, олармен байланысты психологиялық ұғымдар мен теорияларды егжей-тегжейлі қарастырады. Біздің мемлекетімізде сталкинг әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан зерттелмеген. Ғылыми зерттеудің мақсаты сталкингтің әртүрлі формаларын зерттеу болып табылады. Сталкингті үш түрге жіктеуге болады: бұрынғы серіктестің ізіне түсу, таныстың ізіне түсу және бейтаныс адамның ізіне түсу. Сексистік және жыныстық зорлық-зомбылық қарым-қатынас арасындағы бірлестіктерді зерттеу. Шетелдік зерттеушілердің  ғылыми зерттеудің негізгі нәтижелеріне талдау жасау арқылы тұжырымдама жасалған. Амбивалентті сексизмді зерттеу арқылы олардың түрлеріне талдау жасалып, өзара байланыстылығын зерттеу арқылы жоғары мейірімді сексистік көзқарастарға ие адамдар жәбірленушіні кінәлауға көбірек бейімділігін көрсетті. Сталкердің іс-әрекеті негізінен қауіп төндіруге бағытталған; сонымен қатар, кейбір әрекеттері психологиялық зорлық-зомбылық сияқты зорлық-зомбылықтың прецеденті болуы мүмкін тіпті физикалық зорлық-зомбылық ретінде көрінеді. Сондай-ақ, заңгерлердің еңбектерімен шектелмей психологтардың да зерттеулерін пайдаланған. Дәстүрлі гендерлік рөлдер мен әйелдерге деген көзқарас сталкинг(ізге түсу) мен гендерлік зорлық-зомбылықты қарастыруда маңызды рөл атқарады. Зерттеуде зорлау туралы түсініктер сексистік қатынастармен байланысты болды. Сталкингтің алдын алу мақсатында амбивалентті сексизмге талдау жасалынып сталкердің ойлау қабілетін өзгерту көзделген. 

Түйін сөздер: сталкинг, сталкер, сексизм, амбивалентті сексизм, гендерлік зорлық-зомбылық. 

Авторлардың биографисы

А.Ж. Ордаева, Х.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Қазақстан, Түркістан қаласы

(хат-хабарларға арналған автор) - Халықаралық қазақ-түрік университетінің PhD докторанты

К.Т. Битемиров, Х.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Қазақстан, Түркістан қаласы

Заң ғылымдарының кандидаты, Халықаралық қазақ-түрік университетінің қауымдастырылған  профессоры

Л.А. Болатбекова, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Қазақстан, Шымкент қаласы

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің аға оқытушысы

Б.С. Исахов, Х.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Қазақстан, Түркістан қаласы

PhD докторы, Халықаралық қазақ-түрік университетінің аға оқытушысы

С.Б. Абутаева, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Қазақстан, Шымкент қаласы

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің аға оқытушысы

Жүктелулер

Как цитировать

Ордаева, А., Битемиров, К., Болатбекова, Л., Исахов, Б., & Абутаева, С. (2024). СТАЛКИНГ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫҢ ЖАҢА ТҮРІ РЕТІНДЕ: ОНЫҢ АМБИВАЛЕНТТІ СЕКСИЗММЕН БАЙЛАНЫСЫ, ГЕНДЕРЛІК ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА КӨЗҚАРАС. ҚазҰУ Хабаршысы. Заң сериясы, 110(2), 140–149. https://doi.org/10.26577/JAPJ2024-110-b-013

Шығарылым

Бөлім

ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ КРИМИНАЛИСТИКА