КОРПОРАТИВТІК БАСҚАРУДЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУДІҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МОДЕЛІ
DOI:
https://doi.org/10.26577/JAPJ2024-110-b-07Аннотация
Азаматтық құқық саласында корпоративтік құқықтық қатынастар ауқымды тақырыптардың бірі. Кейбір цивилист ғалымдар корпоративтік қатынастарды кәсіпкерлік құқықтық қатынастардың құрамына жатқызады. Десе де, бұл пікірмен толық келісуге болмайды. Себебі, корпоративтік қатынастарда құқықтың көптеген салаларының мүдделері қамтылады, мәселен, әкімшілік, еңбек құқық қатынастары және т.б.
ҚР Азаматтық заңнамасында «корпоративтік ұйым» термині жаңадан пайда болды. Корпоративтік ұйым бұл қатысушылардың осы ұйымға мүшелігі және оның жоғарғы органын құру құқығына ие заңды тұлға болып табылады. Корпоративтік басқару ұйымдағы биліктің ұйымдастырылуымен тығыз байланысты әрекет, мұны корпорацияларды басқарумен шатастырып, түсінуге болмайды. Себебі, корпорацияларды басқару мәселесі ауқымды болып табылады және, корпорациялық басқару ұйымның кез-келген құқықтық нысандағы билікке қатысты.
Корпоративтік басқаруды жетілдіруде басқарудың міндеттері, директорлар кеңесінің атқаратын функциялары мен жауапкершілігі, акционерлердің құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ, корпоративтік басқарудың тәжірибесі мен теориялық мәселелері жан-жақты зерттеуді талап етеді, сондай-ақ, кәсіпкерлік қызметтің ерекшеліктері мен ұлттық құқықтық жүйенің ерекшелігін қарастыру маңызды.
Мақалада авторлар корпоративтік қатынастардың және олардың нормативтік бекітілуінің ерекшелігін қарастырады. Сондай-ақ, салыстырмалы-жүйелiк-құқықтық әдiстерді қолдана отырып, корпоративтiк құқықтық қатынастардың туындау ерекшеліктерін сипаттай отырып, қатысушылардың құқықтарын қорғау жүйесіне басымдық береді. Мақалада корпоративтік басқарудың білім беруді басқару саласындағы рөлі де ерекшеленеді.
Корпоративтік басқаруды құқықтық реттеудегі Жапония және Германдық модельдің артықшылықтары мен ерекшеліктері талданады.
Түйін сөздер: корпоративтік басқару, акционер, акция, ұжымдық басқару, директорлар кеңесі, германдық модель, жапондық модель, ұлттық бизнес.