Табиғи жайылымдарды орнықты басқарудың құқықтық мәселелері

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JAPJ.2023.v105.i1.07
        54 57

Аннотация

Жер көлемі жағынан әлемдегі мемлекеттердің озық қатарынан орын алатын елімізде, әлі де жер дауы, оның ішінде табиғи жайылым жерлерін ұтымды пайдалану мен оларды қорғау мәселесі күн тәртібінен түскен емес.  Ресми деректерге сәйкес, республикамызда 94,3 млн гектар жайылым жерлері қолданысқа берілген.

Жайылымдық жерлердің 36 пайызы ғана мал шаруашылығына пайдаланылады, ал қалған үлесі бос жерлер қатарында. Кәдеге жарамай жатқан жайылым жерлерінің басым бөлігі заңды тұлғалардың, яғни Президенттің сөзімен айтқанда, «латифундистердің» иелігінде. Жайылым жерлерге қатысты Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2021 жылғы 26 қаңтардағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында жеке тұлғалардың меншігіне өтіп кеткен жайылымдық жерлерді мемлекетке қайтарып, ауыл халқының игілігіне қызмет етуді тапсырған болатын.

2017 жылы 20 ақпанда «Жайылымдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі-Заң) қабылданды. Заң жайылымдық жерлерді тиімді реттеуді дамытуға, оның ішінде жайылымдарды ұтымды пайдалануға және олардың инфрақұрылымын жақсартуға, жердің тозу процестерінің алдын алуға бағытталған. Заңның 13-15-баптарына және Жер кодексінің 84-бабына сәйкес қабылданған нормалар мал өсірумен айналысатын шаруашылық қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған жайылымдық жерлерді ұтымды пайдалануды көздейді. 

Алайда, Заңда бірқатар кейбір кемшіліктер орын алған, мәселен, 2015 жылдан бастап ауыл шаруашылығы жерлеріне бақылау әкімдіктердің құзыретіне жатады. Осы жерде, жергілікті атқарушы органдар игерілмей жатқан жерлерді алдын ала анықтауы тиіс, бірақ іс жүзінде жайылымдық жерлерді жергілікті атқарушы органдар бақылауды аса елемейді, Заңның 13 – бабына сәйкес қабылданған нормативтік құқықтық актілер-жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарлар ресми іс жүзінде өңірлерде орындалмайды, үстірт сипатқа ие. Жоспарларда ұсынылған карталар мен схемалар қолданыстағы заңнамада көзделген мәліметтерді қамтымайды. Сыртқы жайылым жерлері мемлекет меншігінде, алайда тұрғындар бұл учаскелерге өздігінен мал жая алмайды. Қолданыстағы заңға сәйкес, аталған жер учаскесін бірлесіп пайдалану қарастырылған, яғни тұрғындар бірігіп, тұтас ауыл болып отар, табын шығарып малдарын баға лаады.

Табиғи жайылымдарды пайдалану мен қорғауды құқықтық реттеу тетігінде орын алатын аграрлық және жер заңнамасының нормалары еліміздің «жасыл» экономикасына көшу жағдайында оларды  ұтымды пайдалану мен қорғауды толық қамтамасыз етпейді.

Авторлар мақалада «Жайылымдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының, оның ішінде жайылымдарды басқару жөніндегі жоспарларды жасау, бекіту және практикалық қолдану бөлігінде талаптарды күшейтді және аталған Заңның 13, 15-баптарының және ҚР Жер кодексінің 84-бабы 2-тармағының 4-1) тармақшасының орындалуына ерекше назар аударады.

Түйін сөздер : жайылым жерлері, мал шаруашылығы, жерге меншік, ауыл шаруашылығы, табиғи жайылым, табиғи су көздері, заңды тұлға, латифундист.

Жүктелулер

Жарияланды

2023-03-15

Шығарылым

Бөлім

ТАБИҒИ РЕСУРСТЫҚ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚ