Бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қолдануды криминологиялық саралау мәселелері

Авторлар

  • A. A. Bazilova І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Қазақстан, Талдықорған қаласы http://orcid.org/0000-0002-7697-3760
  • R. E. Dzhansarayeva әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қаласы http://orcid.org/0000-0002-7961-3832
  • B. Konysbay әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қаласы http://orcid.org/0000-0002-3835-6796

DOI:

https://doi.org/10.26577/JAPJ.2023.v105.i1.010
        91 124

Аннотация

Қазақстан Республикасының қолданыстағы Қылмыстық кодексіне сәйкес қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылған адамға қолданылатын мемлекеттік мәжбүрлеу шаралары жүйесіндегі ең қатаң жаза ол – бас бостандығынан айыру жазасы болып табылады. Белгілі бір мерзімге немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын қолдану жазаның мақсатына жетудің басты тәсілдерінің бірі деген көзқарас қоғамда қалыптасқан. Мәжбүрлеу шарасын қолданудың сипаттамасы жазаны өтеу жағдайына және сотталушының әлеуметтік ортасына да тікелей ықпал етеді. Көп жағдайда пенитенциарлық мекеменің түрі немесе олардың тәртібінің ауысуы жағдайында бас бостандығынан айырылғандардың қатыгезділікке бағытталған жеке тұлғалық қасиеттерінің бұзылуы салдарынан қасақана ауыр қылмыс жасаудың негізгі факторын құрайды. Бас бостандығынан айыру адамға, әсіресе жазаның осы түріне алғаш рет іліккен сотталушыға қатты әсер етеді, әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіруге, жаңа қылмыстардың алдын алуға ықпал етеді. Қазіргі таңда қылмыстық-құқықтық саясат гуманизм қағидасын ұстанады және бұл бас бостандығынан айырылушылардың қылмыстық-құқықтық қуғын-сүргіннің құрбаны болуы фактілерінің азаю үрдісін реттестіреді.

Автор мақалада бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеудің криминологиялық аспектілерін, қылмыскердің жеке басын және оларды қайта әлеуметтендірудің ерекшеліктерін, сондай-ақ қылмыстық атқару заңнамасын жетілдірудің жолдарын ұсынады.

Түйін сөздер: бас бостандығынан айыру, сотталушы, қылмыстық-атқару мекемесі, пенитенциарлық жүйе, жаза, криминопенология, гуманизм қағидасы.

Жүктелулер

Жарияланды

2023-03-15

Шығарылым

Бөлім

ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ КРИМИНАЛИСТИКА