Халықтың виктимизациялануының кейбір сұрақтары

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JAPJ.2022.v103.i3.12
        98 66

Аннотация

Қазақстан Республикасында заңдылық пен құқықтық тәртіпті сақтаудың басым бағыттарының бірі ретінде қылмыстық құқық бұзушылықтардан жапа шеккендердің, немесе қылмыс құрбандарының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау қарастырылады. Қазақстан Республикасының Конституциясының 13 бабының 2 бөлігінде: «Әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар», - деп көрсетілген.  Осы  тұрғыдан алып қарағанда, қылмыстың жәбірленушісінің, яғни қылмыстан моральдық, материалдық немесе физикалық зиян шеккен тұлғаның құқықтарын қаматамасыз етудің өзектілігі жоғары. ҚР ҚПК 12 бабының 3 бөлігінде: «Мемлекет заңда белгiленген жағдайларда және тәртiппен әркімнің сот төрелігiне қол жеткізуін және оған келтiрiлген залалдың өтелуiн қамтамасыз етедi», - деп көрсетілген. Осыған байланысты, қылмыс құрбандарының құқықтары мен мүдделерін қорғауға байланысты ғылыми ережелер мен тәжірибелік ұсыныстарды виктимология әзірлейтіні баршамызға мәлім.

Ғылыми ережелер мен тәжірибелік ұсыныстарды әзірлеу үшін қылмыстылықтың жай-күйін, қылмыстылықпен келтірілген зиянның мөлшерін немесе қылмыстылықтың бағасын анықтау үшін халықтың виктимизациялану деңгейін зерделеу қажет. Осыған байланысты, виктимологиялық алдын алуды ұйымдастыру, алдын алу қызметіндегі кемшіліктерді айқындау, алдын алу шараларының тиімділігін арттыруға байланысты шараларды әзірлеу аса маңызды болып табылады.

Түйін сөздер: виктимизация; криминализация; қылмыстылық, латенттік, құрбан, жәбірленуші, криминологиялық жағдай.

Жүктелулер

Как цитировать

Malikov, D. B., Malikova, S. B., & Izbassova, A. B. (2022). Халықтың виктимизациялануының кейбір сұрақтары. ҚазҰУ Хабаршысы. Заң сериясы, 103(3), 112–119. https://doi.org/10.26577/JAPJ.2022.v103.i3.12

Шығарылым

Бөлім

ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ КРИМИНАЛИСТИКА