Азаматтардың еңбек құқықтарын бұзудың әлеуметтік сипаттамасының кейбір аспектілері

Авторлар

  • N. B. Kalkayeva Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Қазақстан, Алматы қаласы http://orcid.org/0000-0001-8109-2004
  • Zh. Ye. Moldakhmetova Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Қазақстан, Алматы қаласы http://orcid.org/0000-0002-7024-5498

DOI:

https://doi.org/10.26577/JAPJ.2022.v102.i2.05
        71 116

Аннотация

Қазақстан Республикасында қалыптасқан нарықтық экономика еңбек қатынастарының мазмұнына, меншіктің жаңа нысандарының пайда болуымен, шаруашылық жүргізудің жаңа әдістерінің қолданылуына байланысты еңбек қатынастарының субъектілерінің құқықтық жағдайына да бірқатар өзгерістер енгізді.

Еңбек қатынастарын құқықтық реттеу, еңбек қатынастарының қатысушыларының мүдделелерін қорғау аясындағы нақты тиімді шаралардың болмауы, әлеуметтік серіктестікті жүзеге асыру тетіктерінің жетілмегендігі әлеуметтік-еңбек қатынастарының шиеленісуіне әкеліп соқтырады. Сондықтан да қоғам өміріндегі еңбек қатынастарынан туындайтын әлеуметтік шиеленісті төмендету үшін қолданыстағы заңнамаларды реформалау қажеттілігі туындайды.

Еңбек қатынастарын, жұмыскер мен жұмыс берушінің арасындағы келіспеушіліктерді қарау және шешу тәртібін заңнамалық реттеудің қазіргі жағдайы еңбек қатынастарына қатысушыларды қорғаудың нақты талаптарына сәйкес келмейтіндігі мәлім. Сондықтан да, Қазақстан Республикасының құқықтық саясатының 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасында еңбек қатынастарының икемді құралдар көмегімен реформалануы қажет екендігіне баса назар аударылды.

Азаматтардың еңбек құқықтарын жүзеге асыруды қамтамасыз етудің құқықтық аспектілерін зерделеу қажеттілігі мемлекетіміздің экономикасындағы, әлеуметтік және құқықтық жүйелеріндегі орын алып отырған өзгерістер мен реформаларға тікелей тәуелді.

Түйін сөздер: жеке еңбек құқықтары; ұжымдық еңбек құқықтары; әлеуметтік қорғау құқықтары, заңды кепілдіктер, жұмыскер, жұмыс беруші, жауапкершілік.

Авторлардың биографисы

N. B. Kalkayeva, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Қазақстан, Алматы қаласы

Зерттеуді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті қаржыландырады (№ AP09259109 грант)

Zh. Ye. Moldakhmetova, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Қазақстан, Алматы қаласы

Зерттеуді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті қаржыландырады (№ AP09259109 грант)

Жүктелулер

Как цитировать

Kalkayeva, N. B., & Moldakhmetova, Z. Y. (2022). Азаматтардың еңбек құқықтарын бұзудың әлеуметтік сипаттамасының кейбір аспектілері. ҚазҰУ Хабаршысы. Заң сериясы, 102(2), 42–51. https://doi.org/10.26577/JAPJ.2022.v102.i2.05

Шығарылым

Бөлім

АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ ПЕН ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫ