Қоғамдық қауіпсіздік аясында адам саудасы мәселесін құқықтық реттеу

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JAPJ.2021.v100.i4.08

Аннотация

Жалпыға белгілі, адам саудасы - өте кең таралған мәселе. Бұлай деуіміздің бірден бір себебі – аталмыш қылмыстың әлем бойынша құрбандар саны 40,5  миллионға дейін баруы, қомақты табыстағы қылмыстық әрекет және заң ғылымы ғалымдарының тарапынан «көлеңкелі экономика» элементтерінің бірі ретінде адам саудасының проблемаларына деген қызығушылықтың жойылып қана қоймай, өсу үрдісінің бар болуы. Бағалаудың осындай ауқымдылығы кейбір зерттеуші ғалымдардың келтірілген бұл мәліметтерді негізсіз деп тануына әкеп соқты. Адам саудасы құрбандарының санын есептеудің өзі түрлі қиындықтар тудырады, өйткені осындай зерттеулерді жүргізуде қолданылатын әдіснамалық негіздерді жетілдірудің аса қажеттілігі көрініс тауып отыр.  Қарастырылып отырған мақалада адам саудасы қылмысының таралу деңгейін зерттеуде басшылыққа алынатын әдіснамаларды түсіну қажеттілігі барынша ашылған. Сондай-ақ, қазіргі таңдағы адам саудасы мәселесінің тәжірибедегі көрінісі, онымен күресуде мемлекеттің алып жатқан рөлі мен қолға алған іс шаралар кешеніне нақты тоқталған.  Адам саудасына қатысты бұрын жүргізілген отандық және шетелдік зерттеулерге жан-жақты шолу  жасай отырып, болашақ зерттеулерге қажетті ұсыныстар келтірілген. Адам саудасы жастардың саудасын ғана емес, ерлер мен әйелдер саудасын да қамтиды. Аталған мәселеде адам саудасына тартылған тұлғаларды жыныстық пайдалану мақсаты, құлдыққа және мәжбүрлі еңбекке тарту мақсаты айқын көрініс табады. Осылайша, адамдарды тұрғылықты тұратын елдерінен пайдакүнемдік мақсаттарға қолдану үшін заңға қайшы негіздерде әкету еліміздің құқық қорғау органдарында біздің азаматтарымыз үшін барған сайын үлкен үрей, қобалжу мен қорқыныш туғызады. Бұл мақаланы жазудағы негізгі мақсат – адам саудасы мәселесінің таралуының зерттелу деңгейін көтеріп, болашақта осы мәселенің шешілуіне үлес қосу.

Түйін сөздер: адам саудасы, құрбан, осалдық, жаһандық бағалау, депортация, иммиграция

Жүктелулер

Жарияланды

2021-12-15

Шығарылым

Бөлім

ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ КРИМИНАЛИСТИКА