Еуразия Экономикалық Одақтың қызмет ету негізінде зейнетақы заңнамасын жетілдіру болашағы

Авторлар

  • I. V. Mezhibovskaiya
  • Z. Adanbekova

Аннотация

Мақала Еуразиялық Экономикалық Одаққа (ЕАЭО) қатысушы-мемлекеттердің ұлттық заңнамалық жүйелерін унификациялау мәселелерін зерттеуге арналады. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының, Ресей Федерациясының, Беларусь Республикасының, Армения Республикасының және Қырғыз Республикасының зейнетақы заңнамалары негізгі базалық ережелер бойынша түбегейлі ерекшеленеді. Қазақстан қатысушы-мемлекеттердің арасынан бірінші болып 1998 жылдың бірінші қаңтарынан бастап, посткеңестік кезең мемлекеттерінде ешбір ұқсастығы жоқ, жинақтаушы зейнетақы жүйесін енгізді. Ресей, қазақстандық модельден бас тарта отырып, ұқсас жүйені 2000 жылы енгізді. Армения Республикасы 2014 жылдың бірінші қаңтарынан жинақтаушы модельді енгізе отырып, зейнетақы қамтамасыз етудің аралас нұсқасын қолдануда. Өзге қатысушылардың зейнетақы заңнамасы кеңестік мемлекеттің соңғы реформаларының канондарына негізделе отырып жасалған. Мұндай құқықтық дисбаланс осы мемлекет аралық бірлестіктегі қатысушы-мемлекеттердің басымдығын анықтай отырып, зейнетақы мобильділігінде, миграциялық ағымда сапалық және сандық өзгерістерге әкеп соғуда. Барынша ұтымды болып Ресей заңнамасы табылады. Мақала ЕАЭО мемлекеттеріндегі зейнетақы көші-қон жүйесіндегі халықаралық дисбаланстың кейбір мәселелерін қарастырады және олардың құқықтық шешу жолдары ұсынылады. Түйін сөздер: зейнетақы мобильділігі, халықаралық шарттар, зейнетақы, Еуразиялық Экономикалық Одақ (ЕАЭО), көші-қон, еңбек етуші мигранттар, еңбек өтілі, халықаралық стандарттар, зейнетақы жасы, жинақтаушы зейнетақы жүйесі.

Жүктелулер

Жарияланды

2021-12-13

Шығарылым

Бөлім

АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ ПЕН ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫ