Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің құқықтық негіздерін қалыптастыру туралы (тарихи аспектілер)

Авторлар

  • Р. Б. Тапалова Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Алматы қ
  • З. М. Бияшева Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Алматы қ
  • А. Л. Шакиров Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Алматы қ
        143 77

Аннотация

Мақала радиациялық қауіпсіздікті жабдықтау құқықтық аспектілеріне арналған. Қазақстан аумағында 650-ден астам атомдық және ядролық бомбалардың сынақтары өткен әлемдегі жалғыз ел. Оның аумағында зымырандардың сынақтары өткізілетін полигондар бар, олардың фрагменттері радиобелсенді. Сондай-ақ елдің барлық аумағында табиғи және техногенді радиобелсенділік танытатын кенорындар, барлау және өнеркәсіп қазындылары көп. Бұл жағдай уранның, радонның жоғары белсенділігін қамтамасыз етуге себептеседі. Зерттеушілердің айтуынша, Қазақстан аумағының 30%-ы радонның шығарындыларын арттыру үшін әлеуетке ие. Сондықтан Қазақстан тұрғындарын радиациядан қорғау мәселесі өмір үшін аса маңызды. Халықтың және қоршаған ортаның қауіпсіздік ұғымы айрықша мағына алып отыр. Тұрақты мониторингті, радиациялық қауіпсіздігін жабдықтау мәселелерін талдау, осы қызмет аясында дүниежүзілік тәжірибе ескеріп жетілдіруді талап етеді. Қазіргі кезде қалыптасқан радиациядан қорғау жүйесі Радиациялық қорғау жөніндегі халықаралық комиссиясының (РҚХК) деректері бойынша құқықтық, ұйымдастырушылық, инженерлік-техникалық, санитариялық-гигиеналық, профилактикалық, тәрбиелік, жалпы білім беретін және ақпараттық шаралар түрде есептелу тиісті. Осы мақаланың мақсаты радиациялық қауіпсіздік жүйесін қалыптастырудың тарихитеориялық негіздерін және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде әлемдік тәжірибе эволюциясының негізгі бағыттарын талдау; радиациялық қауіпсіздікті және радиация әсерін нормаға шығаруды регламенттеу басқаруда Халықаралық ұйымдардың құру жүйесінің негізгі тұжырымдамалық тәсілдерді түсіну; радиациялық қауіпсіздіктің Кеңес кезінде және тәуелсіз Қазақстанда құқықтық нормаларының эволюциясын сипаттау; Қазақстанда адамның және қоршаған ортаның радиациялық қауіпсіздіктің қазіргі құқықтық базасын сипаттау. Зерттеу әдіснамасы объект пен заттың өзара байланысын және сипаттамасын, сонымен қатар қойылған мақсат пен міндеттеріне негізделді. Олар үрдістер мен құбылыстарды тарихи және жүйелік тәсілдердің принциптерін талдауға енгізеді. Мақалада теориялық зерттеулерде жалпы ғылыми зерттеу әдістердің кешендері пайдаланады: анализ, синтез, индукция және дедукция, жүйелік талдау және рәсімдеу, аналогия. Бұрынғы КСРО Халықаралық ұйымдардың, Қазақстан Республикасының заңнамалық актылары, анықтамалық материалдары, монографиялары, мақалалары және өзге де белгілі ғалымдардың адамзат және биосфера радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуді мәселелердің жекелеген зерттеулердің сипаттамасын қамтитын еңбектері ғылыми-әдістемелік негіздерін құрастырды. Зерттеу нәтижесінде нормаланған радиациялық факторлар ағзаға ықпал етуіне байланысты биологиялық әсерлердің білім базасындағы теориялық-әдістемелік тәсілдердің, Қазақстан Республикасында атом энергиясын пайдалану саласында заңшығарушылық базасының эволюциясы көрсетілген. Радиацияның табиғи көздеріне қатысты әлемдік радиациялық қауіпсіздігінің құқықтық регламенттеу мәселелерінің тұжырымдасы көрсетілген. Қазіргі уақыттағы тұрғындарды радиациядан қорғау мәселелерін реттейтін нормативті-құқықтық актылар жүйесі көрсетілген. Түйін сөздер: радиация, уран, радон, радиациялық дозалар, сәулелену мониторингі, радиациялық қорғау, ядролық және радиациялық қауіпсіздік, заңдар, нормативтік актілер, халықаралық ұйымдар, Радиациялық қорғау жөніндегі халықаралық комиссия.

Жүктелулер

Как цитировать

Тапалова, Р. Б., Бияшева, З. М., & Шакиров, А. Л. (2021). Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің құқықтық негіздерін қалыптастыру туралы (тарихи аспектілер). ҚазҰУ Хабаршысы. Заң сериясы, 85(1), 4–18. вилучено із https://bulletin-law.kaznu.kz/index.php/journal/article/view/2555

Шығарылым

Бөлім

МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯСЫ МЕН ТАРИХЫ