Дүниежүзілік сауда ұйымы жағдайында астық саудасының халықаралық-құқықтық механизмін реттеу
DOI:
https://doi.org/10.26577/JAPJ.2021.v99.i3.06Аннотация
Осы мақаланың мақсаты елдер арасындағы келіспеушіліктерді шешу және Бірыңғай астық саясатын жүргізу болып табылатын халықаралық шарттарды қолданудың тиімділігін ескере отырып, астық саудасын халықаралық деңгейде реттеу процесінің қажеттілігі мен маңыздылығы мәселесі қаралды. Әлемдік астық саласының бейімделуінің құқықтық проблемаларының хронологиясын талдай отырып, мақалада қолданыстағы астық жөніндегі халықаралық келісімнің Дүниежүзілік сауда ұйымының шеңберіндегі қазіргі заманғы сауда шарттарына сәйкестігі қарастырылады. Бұл ретте астық жөніндегі халықаралық келісімнің ережелері ашаршылық пен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету проблемаларын ескере отырып, дамушы мемлекеттер экономикасының аграрлық секторының дамуын тежемей, еркін сауда қағидаттарына сәйкес келуге тиіс екенін атап өткен жөн. Мақалада Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелігі жағдайындағы астық саласының құқықтық аспектілері қарастырылған. Экономиканың астық саласын реттеу мәселелерін регламенттейтін қазақстандық заңнама нормаларының, ДСҰ нормативтік-құқықтық құжаттамасының сәйкестігіне талдау жүргізілді. Зерттеу барысында астық жөніндегі халықаралық келісімнің, Дүниежүзілік сауда ұйымының нормалары, сондай-ақ астық секторын қалыптастырудың, дамытудың және реттеудің құқықтық мәселелерінің ресми және ғылыми көзқарастар пайдаланылды. Зерттеудің мақсаты азықтүлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін назарға ала отырып, астықтың әлемдік саудасы саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың тиімділік дәрежесін анықтау болып табылады. Сонымен қатар, авторлар Халықаралық астық кеңесі қабылдаған шешімдер арқылы бірыңғай Әлемдік астық пулын құруды реттеуді ұсынады.
Түйін сөздер: астық саудасы, халықаралық сауда құқығы, Дүниежүзілік сауда ұйымы, астық саудасы жөніндегі даулар, халықаралық-құқықтық реттеу.