Халықаралық қаржы ұйымдарының ақшалай-қаржылық цифрландыруды енгізу жөніндегі құқықтық әлеуеті
DOI:
https://doi.org/10.26577/JAPJ.2021.v99.i3.05Аннотация
Мақала мемлекетішілік және әлемдік деңгейлерде ақша-қаржы жүйесі саласына цифрландыруды енгізу мәселелері бойынша халықаралық ұйымдар қызметінің құқықтық аспектілеріне арналған. Бұл мақаланың мақсаты әлемдік және аймақтық валюталардың ақша массасын цифрландыруға және олардың ұлттық валюталармен өзара әрекеттесуіне негізделген жаңа қаржы жүйесін зерттеу болып табылады. Мақаланың тақырыбының жаңалығы ақша-қаржы жүйесін цифрландыру бүгінде қаржыгерлер мен экономистер (ғалымдар мен практиктер) үшін де жаңа тақырып болып табылады. Ақша-қаржы жүйесін цифрландыру процестерін халықаралыққұқықтық реттеу туралы тақырып ТМД елдерінің де, батыс мемлекеттерінің де халықаралық құқық ғылымында іс жүзінде зерттелмеген. Бұл тақырыптың өзектілігі экономиканы, өндірісті, сауданы, қаржыны, валютаны цифрландыруды бірінші орынға қоятын ғылыми-техникалық революцияның даму барысымен алдын ала анықталған. Мақаланың мәні автор әр мемлекеттің ақша-қаржы жүйесіне цифрландыруды енгізу, әр халықаралық аймақтық банктің ақша-қаржы жүйесіне цифрландыруды енгізу бойынша ұсыныстар енгізеді. Мақала авторы сонымен қатар Халықаралық валюта қорының СДР (SDR) әлемдік цифрландырылған валютаға айналуын ұсынады. SDR деп резервтік және төлем құралы ретінде Халықаралық валюта қоры шығаратын Special Drawing Rights (Арнайы қарыз алу құқықтары) түсініледі. Ақша-қаржылық цифрландырудың қазіргі заманғы даму үрдістеріне сүйене отырып, бұл жұмыста зерттеудің әртүрлі ғылыми әдістері біріктіріледі: эмпирикалық талдау әдісі, салыстырмалы-құқықтық талдау әдісі, логикалық талдау әдісі, сондай-ақ ғылыми болжау әдісі. Бұл жұмыстың ғылыми маңыздылығы оның ұлттық және халықаралық деңгейлерде ақшақаржылық цифрландыруды валюталық жүйеге енгізу мәселелерін шешуге белгілі бір теориялық үлес қосатындығында. Цифрландырудың практикалық маңыздылығы – мемлекет ішінде және әлемде қаржы айналымын бірнеше рет жылдамдату, барлық қаржылық операциялардың транспаренттілігін енгізу, ақша-қаржылық алаяқтық пен сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттерінің деңгейін күрт төмендету.
Түйін сөздер: қаржылық цифрландыру, криптовалюта, фиат валютасының құқығы, валюталық құқық, киберқауіпсіздік, валюталық трансформация құқығы.