Мемлекеттік биліктің бірлігі мен бөлінуінің конституциялық қағидаты Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік органдардың ұйымдастырылуы мен үйлесімді жұмыс істеуінің негізі ретінде
DOI:
https://doi.org/10.26577/JAPJ.2021.v98.i2.03Аннотация
Бұл мақала егемен Қазақстан үшін өзекті мәселелерге, атап айтқанда жоғары мемлекеттік органдар: Мемлекет басшысы, Парламент және Үкімет арасындағы қатынастарды қарауға арналған. Өйткені елдің Негізгі Заңында олардың мәртебелері айқын анықталады, сондай-ақ нақты саясаткерлер мен басқарушылардың адамдардың пайдасына бірлесіп әрекет етуге деген ұмтылысы, адамның құқықтары мен бостандықтарын, оның лайықты өмірін, елдің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету жөніндегі өзінің басты мақсатын жүзеге асыруда мемлекет мақсатты, кәсіби және тиімді түрде көрініс табады. Көптеген ғылыми зерттеуде мемлекеттік билік органдарының қазақстандық жүйесін ұйымдастыру мен қызметінің негізгі принциптерін талдауға қадам жасалды: ол жүйелердің қатарына биліктің егемендігі, бірлігі және бөлінуі сияқты факторлар жатады. Жоғарыда баяндалғандардың барлығы конституционализмнің қалыптасуы мен нығаюы, мемлекеттік тәуелсіздіктің тірек конструкцияларын құрайтын жекелеген институттарды жетілдіру жайлы, оның ішінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының жүйесі, олардың генезисі мен эволюциясы туралы кешенді ақпарат жөнінде білімді толықтыруға мүмкіндік береді.
Түйін сөздер: мемлекеттік органдар жүйесі, егемендік, биліктің бөліну қағидаты, жүйенің бірлігі, тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесі.