Алматы қаласы бойынша кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған қылмыстар

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JAPJ.2021.v97.i1.07
        442 116

Аннотация

Балаларға қарсы қылмыстарға физикалық және эмоционалды зорлық-зомбылық, немқұрайдылық және қанау жатады. Балаларға қатысты қылмыстарды көбінесе ата-аналары, туыстары, қамқоршылары және оларға қамқорлық пен басшылық жүктелген басқа адамдар жасайды. Мектеп басшылары, дәрігерлер, полиция қызметкерлері және басқа да осыған ұқсас билік өкілдері балаға қатысты қатыгездік немесе қанаудың кез келген белгілері туралы хабарлауға міндетті. Мақалада балаларға қатысты қылмыстың жалпы сипаттамалары және елдегі балаларға қатысты қылмыстың жай-күйі қарастырылған. Тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде соңғы жылдары балаларға қатысты зорлық-зомбылық мәселесі өзекті бола түсуде. Кәмелетке толмағандардың өміріне, денсаулығына, жыныстық қолсұғылмаушылығына және жыныстық бостандығына қарсы қылмыс – бұл ҚР ҚК-де көзделген жас ұрпақтың қалыпты дамуына зиян келтіретін, қасақана, құқыққа қайшы іс-әрекет. Кәмелетке толмағандардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау, олардың тиісті моральдық-психикалық дамуын қамтамасыз ету, оларды қылмыстардан қорғау мемлекеттің қылмыстық саясатының өзгермейтін және маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Кәмелетке толмағандар физикалық және психикалық даму ерекшеліктеріне байланысты, адамдардың басқа санаттарына қарағанда әртүрлі жағымсыз әсерлерге ұшырайды, бұл олардың девиациялық тұлғаларының дамуына негіз бола алады. Жыл сайын мыңдаған балалар қылмыстың құрбаны болуда.

Түйін сөздер: қылмыс, кәмелетке толмаған, жәбірленуші, қылмыстың құрбаны, виктимология, кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыс, статистика, ювеналды виктимология.

Жүктелулер

Жарияланды

2021-04-24

Шығарылым

Бөлім

ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ КРИМИНАЛИСТИКА