Танудың тактикалық ерекшеліктері

Авторлар

  • A. K. Baiseitova Қазақстан Республикасы ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясы, Қазақстан, Алматы қ.

DOI:

https://doi.org/10.26577/JAPJ.2020.v96.i4.011
        168 120

Аннотация

Мақалада танудың тактикалық және процессуалдық ерекшеліктері қарастырылады. Қылмыстық процестегі осы тергеу әрекетін жіктеуге қатысты әртүрлі ғалымдардың пікіріне талдау жасалды. Қылмыстық процестік заңында көзделген кез келген басқа тергеу әрекеті сияқты, адамды қылмыстық іс бойынша тану үшін ұсыну тәртібі де маңызды. Жүргізілген әрбір тергеу әрекеті өзінің ерекшелігімен сипатталады және, атап айтқанда, осы тергеу әрекетін жүргізу арқылы шешуге болатын міндеттер, оның құқықтық реттелуі, қатысушылар тобының ерекшелігі, өткізілетін орны және басқа да оқшауланған сипаттамалары сияқты факторлармен анықталады. Осылайша, тану үшін ұсыну тергеу әрекетінің нәтижелері құқық бұзушылықтың кейбір жағдайларын анықтау үшін пайдаланылуы мүмкін, қылмыс орнындағы әр қылмыскердің әрекеті. Тану кезінде алынған ақпарат қылмыс жасаған адамды әшкерелеуге ықпал етуі мүмкін. Тергеу әрекеті ретінде тану үшін ұсынудың өзі дәлелдемелер жинау құралы болып табылады. Демек, тану нәтижесінде алынған мәліметтер жазылған хаттама дәлелдемелік мәнге ие, яғни дәлелдеме ретінде пайдаланылуы мүмкін. Тірі адамдарды, мәйіттерді, заттар мен жануарларды тану үшін ұсыну тәртібі қарастырылды. Сонымен қатар, тергеуші оны жүргізу үшін таңдаған тактика тергеу әрекетінің ерекшелігіне байланысты. Сәтті таңдалған тактика нәтижесінде тергеуші белгілі бір тергеу әрекетін жүргізу туралы шешім қабылдаған кезде қойған мақсатқа жетуге мүмкіндік береді. Түйін сөздер: тану үшін ұсыну тәртібі, заттай дәлелдемелер, қылмыстық процестік заңнамасы, тергеу әрекеттері, қылмыстық процеске қатысушылар, қылмыстық процесті жүргізетін орган, тірі адамдар, жауап алу, мәйіт, заттарды қарап-тексеру.

Жүктелулер

Жарияланды

2021-01-13

Шығарылым

Бөлім

ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ КРИМИНАЛИСТИКА