Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын талдау контексіндегі атмосфералық ауаны құқықтық қорғау
DOI:
https://doi.org/10.26577/JAPJ.2020.v96.i4.09Аннотация
Мақалада атмосфералық ауаны құқықтық қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына жалпыжүйелік талдау жасау ұсынылған. Әсіресе адамды, флора мен фаунаны қоршаушы табиғи ортаның аталмыш өміршең қажетті құрамдасының әлі де болса келеңсіз физикалық, химиялық, биологиялық және де өзге әсерлерінен жеткілікті әдістемелік және құқықтық деңгейде кепілдендірілмегендігі атап көрсетіледі. Қарастырылып отырған мәселенің өзектілігін анықтау барысында атмосфералық ауаны қорғауға қатысты Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің нормалары одан әрі дамуды және нақтылауды талап етеді деген маңызды қорытынды жасалған. Қазіргі қолданыстағы құқықтық редакцияда олардың ықтимал реттеуші мәні болмашы ғана. Бұл олардың тарапынан тиісті әсердің болмауы туралы да, ұлттық заң шығарушының көмегімен Жер, жер қойнауы, су, орман, өсімдіктер мен жануарлар әлемі сияқты табиғи ресурстарды қорғаумен салыстырғанда атмосфералық ауаны құқықтық қорғаудың тиімді тетігінің жетілмегендігі туралы да айтуға мүмкіндік береді. Авторлардың мақсаты – атмосфералық ауаны құқықтық қорғаудың заманауи мазмұнын ашу, сонымен қатар ғылыми көзқарастар, мемлекетішілік заңнамалық актілер және құқық қолдану тәжірибесі нәтижелерінің көмегімен Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын талдау контексіндегі негізгі проблемалар мен әрі қарайғы перспективаларды анықтау болып табылады. Тақырыпты әзірлемелеу ағымында авторлар ғылыми танымның жалпығылыми және арнайы әдістемелерінің жиынтығын қолданды, олардың ішінде, атап айтқанда, салыстырмалықұқықтық әдіс, үлгілеу және жүйелік талдау әдістеріне жүгінді. Қорытындыларда авторлар олқылықтарды жою және, тиісінше, басқа табиғи объектілермен қатар, атмосфералық ауаны қорғау туралы нормалардың теңдестірілген жүйесін құру тәсілдерінің бірі ретінде қазіргі уақытта әзірленіп жатқан және қайта қаралған ҚР Экологиялық кодексінің жаңа редакциясы бола алатындығына назар аударады. Түйін сөздер: атмосфералық ауа, құқықтық қорғау, Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасы, қоршаған орта, Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі.