Ғылыми этика қағидаттарын бұзғаны үшін Ғ.С. Жаманқараева мен Ә. І. Сабыровтың 2023 жылғы № 2 (106) нөмірден ретракцияланып, алынып тасталынғанын хабарлаймыз
Ғылыми этика қағидаттарын бұзғаны үшін аталған авторлар Жаманқараева Ғалия Сейітқарымқызы (Семей қ. Alikhan Bokeikhan University) және Сабыров Әуелхан Ілиясханұлы (Шымкент қ. Орталық Азия Инновациялық университеті) "Қазақстан Республикасы азаматтарының конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауындағы ұлттық және ұлттықтан жоғары өлшемдер мәселесі" бойынша 2023 жылғы № 2 (106) нөмірден ретракцияланып, алынып тасталынды.
Сондай-ақ, журнал үш жыл ішінде Ғ. С. Жаманқараева мен Ә. І. Сабыровтың мақалаларын салғырттық танытқандары үшін жариялауға тыйым салғанын хабарлаймыз!