Нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету жөніндегі халықаралық тәжірибе
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##
https://doi.org/10.26577/JAPJ.2023.v106.i2.014
Аннотация
Сапалы заңдарды әзірлеу – еліміздің сыбайлас жемқорлықсыз алдағы егеменді, берекелі күнінің кепілі. Бұл жағдай зерттеудің өзектілігін анықтайды. Нормативтік актілерді әзірлеу кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту ашық және есепті басқаруды қамтамасыз ету үшін өте маңызды. Сыбайлас жемқорлық деңгейі ең төмен елдерде заңнамалық актілердің жобаларын әзірлеу процесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету жөніндегі халықаралық тәжірибені талдау нормативтік-құқықтық актілерді (бұдан әрі - НҚА) әзірлеу кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету жөніндегі жалпы заңдылықтарды шығаруға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде ашық және есепті басқару практикасын әзірлеуді дамытуға ықпал ететін болады. Зерттеудің мақсаты сыбайлас жемқорлық деңгейі төмен елдерде НҚА әзірлеу процесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту жөніндегі халықаралық тәжірибеге шолу және талдау болып табылады. Қойылған мақсат мынадай міндеттерді шешу арқылы іске асырылды: сыбайлас жемқорлық деңгейі ең төмен елдерді айқындау үшін сыбайлас жемқорлықтың халықаралық рейтингтік бағалауларына шолу жүргізілді; сыбайлас жемқорлық деңгейі төмен елдерде НҚА әзірлеу процесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету жөніндегі жалпы ережелер шығарылды. Зерттеудің ғылыми және практикалық маңыздылығы НҚА әзірлеу кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту бойынша ұсыныстарды синтездеу арқылы әзірлеу болып табылады.Кілт сөздер: сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің халықаралық тәжірибесі, құқықтық актілерді әзірлеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама.
Қалай келтіруге болады
MYLTYKBAEV, M. Zh..
Нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету жөніндегі халықаралық тәжірибе.
ҚазҰУ Хабаршысы. Заң сериясы, [S.l.], v. 106, n. 2, p. 136-147, june 2023.
ISSN 2617-8362.
Мекен-жайы бойынша қол жетімді: <https://bulletin-law.kaznu.kz/index.php/journal/article/view/2873>. Кіру күні: 01 oct. 2023
doi: https://doi.org/10.26577/JAPJ.2023.v106.i2.014.
Бөлім
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚ