Қылмыстық іс жүргізудегі дәлелдемелердің қасиеттері туралы

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JAPJ.2020.v93.i1.14

Аңдатпа

Мақала дәлелдемелердің қатыстылығын, қолдануға рұқсаттығын, шынайылығын және
жеткіліктілігін анықтау бойынша қисынды әрекеттен тұратын дәлелдеу процесінің элементі
ретінде дәлелдемелерді бағалау туралы жүргізілген зерттеудің нәтижесі болып табылады.
Мақалада қылмыстық процестегі дәлелдемелерді бағалау ұғымына ғылыми-теориялық талдау, сондай-ақ кейбір шет елдердің қылмыстық іс жүргізу заңнамасында дәлелдемелерді бағалау
мәселелерін регламенттеудің салыстырмалы-құқықтық зерттеу нәтижелері баяндалған.
Дәлелдемелерді бағалау мынадай белгілерден тұрады: дәлелдемелердің қатыстылығы (олардың
дәлелдеу нысанасына қатысы); дәлелдемелердің қолдануға рұқсат етілуі (оларды алудың
заңдылығы); дәлелдемелердің дұрыстығы (ақиқаттығы, ақылға қонымды күмәндардың болмауы);
дәлелдемелердің жеткіліктілігі (дәлелдемелер жиынтығының шешімді негіздеуге қабілеттілігі).
Сот, прокурор, тергеуші, анықтаушы дәлелдемелерді қылмыстық істе бар дәлелдемелердің
жиынтығына негізделген ішкі наным бойынша бағалайды, бұл ретте Заң мен ар-ожданды
басшылыққа алады.
Ғылыми-әдістемелік негізін Қазақстан Республикасының, ҚР ҚК, ҚР ҚПК заңдары, сондай-ақ
Қазақстан мен шет елдердің белгілі процессуалистерінің еңбектері құрайды.
Түйін сөздер: дәлелдеу, дәлелдеу процесі, дәлелдеу субъектісі, дәлелдемелерді бағалау,
қатыстылық, жол беру, дәлелдеу құқығы.

Жүктеулер

Жарияланды

2020-05-01

Журналдың саны

Бөлім

CRIMINAL LAW AND CRIMINOLOGY