Медиацияның құқықтық табиғаты және оның қағидаларының ерекшеліктері

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JAPJ.2023.v106.i2.08
        159 278

Аннотация

Зерттеу жұмысының өзектілігі Қазақстан Республикасындағы дауларды шешудің балама әдістерінің бірі ретінде медиацияның қағидаларының әрекет ету мәселелерімен негізделеді. Осыған байланысты жұмыстың мақсаты медиативті рәсімнің жүргізілу барысында қағидалардың әрекет ету мәселелерін ашу болып табылады.  Зерттеу жұмысын жазу барысында логикалық талдау, догматикалық, формальды-құқықтық, дедукциялық, синтез және тағы басқа әдістер қолданылды.

Зерттеу жұмысында  дауларды шешудің балама әдісі ретінде медиация ұғымын түрлі ғалымдардың еңбектерінде талдану ерекшеліктері қарастырылады. Медиация қызметінің басшылыққа алынатын бастамалары яғни қағидаларына түсінік беріліп, түрлері қарастырылады.

                Қазақстан Республикасында соңғы онжылдықта медиация қарқынды дамымаса да, дауды шешудің балама әдісі ретінде қоғамның көптеген салаларында дамып келе жатқанын айта кету керек. Медиация тек белгілі бір қағидаларға сүйене отырып жүргізілетін рәсім болғандықтан қағидалардың қызмет етуінде ешқандай мәселелер болмауы тиіс. Осыған сәйкес түрлі ғалымдардың ой-пікірлері талданып, халықаралық актілерге шолу жасалынып, қазіргі қолданыстағы «Медиация туралы» Қазақстан Республикасының заңында көрініс тапқан қағидалар сараланып, олардың тәжірибеде қолданылу мәселелері бойынша біршама ұсыныстар жасалынады. Алынған нәтижелердің тәжірибелік құндылығы медиативті рәсімдердің құқық қолдану тәжірибесіндегі тиімділігін арттыруға әсер ететін  мәселелі аспектілерді шешу жолдарын ұсыну болып табылады. 

Түйін сөздер: медиация институты, делдалдық, медиатор, даулар, еріктілік, құпиялылық.

Жүктелулер

Как цитировать

Kalshabaeva, M. Z., Sartaev, S. A., Useinova, K. R., Kuanaliyeva, G. A., & Nussipova, L. B. (2023). Медиацияның құқықтық табиғаты және оның қағидаларының ерекшеліктері. ҚазҰУ Хабаршысы. Заң сериясы, 106(2), 72–84. https://doi.org/10.26577/JAPJ.2023.v106.i2.08

Шығарылым

Бөлім

АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ ПЕН ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫ