ЗОРЛЫҚ – ЗОМБЫЛЫҚ ҚҰРБАНЫ БОЛҒАН КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАН БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ОТБАСЫЛЫҚ-ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ТУРАЛЫ

Авторлар

  • Г.Р. Рустемова Қазақстан Республикасы ІІМ М. Есболатов атындағы Алматы академиясы, Қазақстан, Алматы қаласы https://orcid.org/0009-0001-9155-4089
  • Ш.Б. Маликова «Нархоз университеті» КЕАҚ, Қазақстан, Алматы қаласы https://orcid.org/0000-0002-8762-7062
  • Д.Б. Маликов Қазақстан Республикасы ІІМ М. Есболатов атындағы Алматы академиясы, Қазақстан, Алматы қаласы https://orcid.org/0000-0003-2784-154X

DOI:

https://doi.org/10.26577/JAPJ2024-110-b-014

Аңдатпа

Балалардың құқықтарын бұзуына қатысты маңызды проблемалардың бірі болып балаларга деген зорлық-зомбылық және оларға қатыгездік жасау табылады. Балаға қатыгездік жасау және оның негізгі қажеттіліктерін қорлау және елемеу деп ата-аналардың, ата-аналардың рөлін атқаратын адамдардың немесе басқа ересектердің кез келген әрекеттері немесе әрекетсіздігі түсініледі, нәтижесінде баланың денсаулығы мен әл-ауқаты бұзылады немесе оның оңтайлы физикалық немесе психикалық дамуына кедергі келтіретін жағдайлар жасалады, оның құқықтары мен бостандықтары бұзылады. Балаға деген көрсетілген зиянның сипатына қарай, зорлық-зомбылық және қатыгездіктің түрлері болады.  

Көптеген елдерде мұндай оқиғаларды анықтаудың нақты әдістемелері бар, сонымен қатар жаңа әдістер әзірленіп және тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресу шаралары қабылданып жатыр. Қазақстанда заңнамалық база, тұрмыстық зорлық-зомбылықты анықтау және бақылау жүйесі жеткілікті түрде дамымаған. Отбасылық зорлық-зомбылыққа қарсы күресуге бағыттылған жұмыстың тиімділігін арттыру үшін біздің еліміздегі болған, сонымен бірге шет елдердегі осындай оқиғалармен күресу жолдарын зерттеу, талдау және бақылау шараларына негізделген, отбасылық зорлық-зомбылыққа қатысты оқиғаларды алдын алу және анықтау жүйесін әзірлеп енгізу қажет.  Сәйкесінше, балаларға қатысты отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықты ғылыми зерттеу балаларды қорғаудың тиімді шараларын әзірлеуге көмектесетін зорлық-зомбылықты арандатқан себептерді, механизмдер мен факторларды айқындауға; алдын алу және оңалту бағдарламаларын әзірлеу үшін маңызды болып табылатын балалардың психологиялық және эмоционалдық денсаулығына  тұрмыстық зорлық-зомбылықтың тигізетін зардабын түсінуге; тұрмыстық зорлық-зомбылықты қоғам тарапынан қабылдауға және балларды тиімді қорғау бағытындағы қолданыстағы заңнаманың нормалары мен әлеуметтік нормаларды өзгертуге жәрдемдеседі; зорлық-зомбылық жағдайларына және құрбандарға көмек көрсету үшін тиімді әрекеттерді жүзеге асыру үшін әлеуметтік қызметкерлерді, педагогтарды, дәрігерлерді және басқа мамандарды оқытуда  маңызды рөл атқарады. 

Ғылыми мақала BR 27882414 «Зорлық-зомбылық құрбаны болған балаларды қолдау және оңалту бағдарламасы: ресурстық модульді орталықтар желісін тәжірибелік енгізу» жобасы бойынша Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ғылым комитеті қаржыландырған 2023-2025жж. арналған ғылыми және ғылыми-техникалық бағдарламаларды бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде дайындалған. 

 Түйінді сөздер: зорлық-зомбылык, кәмелетке толмағандар, бала, балалар, қарсы тұру, отбасылық-тұрмыстық. 

Автор өмірбаяндары

  • Г.Р. Рустемова, Қазақстан Республикасы ІІМ М. Есболатов атындағы Алматы академиясы, Қазақстан, Алматы қаласы

    Заң ғылымдарының докторы, М. Есболатов атындағы Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы академиясының құқық қорғау қызметін басқару кафедрасының профессоры

  • Ш.Б. Маликова, «Нархоз университеті» КЕАҚ, Қазақстан, Алматы қаласы

    (хат-хабарларға арнлаған автор) - Заң ғылымдарының кандидаты, "Нархоз университеті"КЕАҚ құқық және мемлекеттік басқару мектебінің қауымдастырылған профессоры

  • Д.Б. Маликов, Қазақстан Республикасы ІІМ М. Есболатов атындағы Алматы академиясы, Қазақстан, Алматы қаласы

    Полиция майоры, Қазақстан Республикасы ІІМ М. Есболатов атындағы Алматы академиясы

Жүктеулер

Жарияланды

2024-06-24

Журналдың саны

Бөлім

ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ КРИМИНАЛИСТИКА