Жеке деректерді қорғау қағидаттары: ұлттық және шетелдік заңнаманы салыстырмалы талдау

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JAPJ.2023.v106.i2.04
        167 141

Аннотация

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар ақпаратқа, тауарлар мен қызметтерге қол жеткізуді қамтамасыз ететін қазіргі өмірдің ажырамас бөлігіне айналғаны белгілі. Қазақстан Республикасы елдің қоғамдық-саяси өміріне цифрлық технологияларды енгізу және пайдалану жағынан әлемдегі жетекші орындардың бірінде тұр. Заманауи технологиялар адам туралы көптеген мәлімет пен ақпарат жинауға, сол тұлғаның барлық құжаттары мен деректерін оның жеке шотымен және/немесе дербес аккаунтымен байланыстыруға, оның әрекеттерін қадағалауға, әдеттері мен қызығушылықтарын білуге, алынған мәліметтерді әр түрлі мақсаттарда пайдалануға мүмкіндік береді.

Осы мақалада жеке деректерді қорғау қағидаттары қарастырылған. Зерттеу объектісі: адамның жеке өміріне қол сұқпау, атап айтқанда, Қазақстан Республикасында жеке деректерді қорғау саласындағы қоғамдық қатынастар. Зерттеу мәні жеке деректерді қорғау туралы заңнама, сондай-ақ құқықтық тәжірибенің кейбір мәселелері болып табылады.

Зерттеудің мақсаты: Қазақстан Республикасындағы жеке деректерді қорғау институтының проблемалық аспектілерін анықтау және солардың негізінде қолданыстағы заңнамаға енгізуге ұсыныстар дайындау, оларды дәйектеу. Зерттеуді дайындау кезінде жалпы ғылыми, жалпы және жекелеген зерттеу әдістері қолданылды. Жеке деректерді қорғау жөніндегі ұлттық және шетелдік заңнамаларға салыстырмалы талдау жүргізілді. Халықаралық дәрежеде танылған стандарттарға сәйкес жеке деректерді қорғау қағидаттарын нормативтік түрде бекіту қажеттілігі туралы қорытынды жасалды. Адамдардың жеке басына, меншігіне және мүлкіне зиян келтіруде жеке ақпаратты жөнсіз пайдалану тәуекелдері қандай болатыны анықталды. Жеке деректерді қорғау қағидаттарын халықаралық стандарттарға сәйкес және нормативтік қағидаттар деңгейінде заңнамалық бекіту туралы жасау жөнінде тұжырым негізделді.

Түйін сөздер: адамның құқықтары мен бостандығы, жеке өмірге қол сұқпау, жеке деректерді қорғау, құқық қағидаттары, құпиялылық.

Жүктелулер

Как цитировать

Akhmetova, S. B., Ibrayeva, A. S., Baimakhanova, D. M., Baikenzheyev, A. S., & Tursynkulova, D. A. (2023). Жеке деректерді қорғау қағидаттары: ұлттық және шетелдік заңнаманы салыстырмалы талдау. ҚазҰУ Хабаршысы. Заң сериясы, 106(2), 33–46. https://doi.org/10.26577/JAPJ.2023.v106.i2.04

Шығарылым

Бөлім

КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ