АҚЫЛЫ ҚЫЗМЕТ ШАРТЫ МІНДЕТТЕМЕНІҢ БІР ТҮРІ РЕТІНДЕ
DOI:
https://doi.org/10.26577/JAPJ.2019.v89.i1.07Аңдатпа
Қызмет шартының нәтижесінде міндеттеме туындайды, одан ақылы қызмет шарты қалыптасады. Жалпы алғанда ақылы қызмет көрсету шарты ол азаматтық құқығында шарттардың жаңа түрі болып саналады,оған ҚР Азаматтық Кодексінің 3 тарауы 683баптары арналған. Ақылы қызмет көрсету шарттарына: байланыс қызметін көрсету, медициналық қызмет көрсету, ветеринарлық, аудиторлық, кеңестік, жарнамалық, ақпараттық, білім беру қызметтерін көрсету, туристік қызмет көрсету және т.б. жатады. Ақылы қызмет көрсету шарты бойынша, орындаушы, тапсырушының тапсырмасы бойынша қызмет көрсетуге, яғни белгілі бір әрекеттер жасауға немесе белгілі бір қызметті жүзеге асыруға міндеттенеді, ал тапсырушы оның ақысын төлеуге міндеттенеді. Кеңес құқығында аталған қызметтер үшін ақы алу, заңсыз пайда табу болып танылған және мемлекеттің қолдауын таппаған. Заңи қолдауды бұл қызметтер жаңа экономикалық қатынастарға көшкен кезде және ҚР АК Ерекше бөлімін қабылдағаннан кейін тапқан. Реттеу ерекшеліктеріне байланысты, занда бұл шарттар мердігерлік және қызмет көрсету шарттарының арасына орналастырылған. Болашақта қызметтер нарығының тұрақты даму үрдісін назарға ала отырып, қызметтер көрсету шарты болашақта да ең сұранысқа ие және серпінді дамып келе жатқан азаматтық-құқықтық институттардың бірі болады деп болжауға болады.
Түйін сөздер: қызмет,ақылы қызмет өрсету, міндеттеме, орындаушы, тапсырысшы, келісімшарт.
