Мұрагерлікпен байланысты туындайтын келісімшарттардың негізгі тетігінің бірі – ата мұрасының табиғаты. Природа наследства как основного вида договоров возникающих из отношений наследования.
Кілттік сөздер:
әдет-ғұрып, келісімшарт, өсиет, ата мұрасы, мұрагерлік, обычаи, наследство, завещание, договор, завещание отца,Аннотация
Бұл мақалада мұрагерлікпен байланысты туындайтын келісімшарттардың табиғаты, ережелері соның ішінде мұндай келісім шарттардың маңызды түрі ретінде ата мұрасының ерекшеліктері қа растырылады. Қазақ әдет құқығы жүйесінде мұрагерлікпен байланысты туындайтын келісімшарттардың қатарына, қазақ қоғамында кеңінен дамыған ата мұрасы және т.б. жатқызуға болады. Осы жерде тағы бір ескеретін жағдай, дәстүрлі қазақ қоғамындағы келісімшарт қатынастары негізінен ауызша бекітіліп және орындалып отыратын болған. Қазақ даласының тұрмыс тіршілігін зерттеген ғалымдардың еңбегінде және тікелей қайнар көз дерден Қазақ әдет-ғұрып құқығы өсиет бойынша және мұра қалдырушының ұйғарымы бойынша мұралық мүлікті қалдыру дегенді білмегендігі анық көрінеді. ХІХ ғасырда өз мүлкіне билік етуге құ қылы адамдардың рухани өсиеттері туралы деректер бар, бірақ мұра қалдырушы заңды мұрагерлер дің мүддесін қанағаттандырғаннан кейін қалған мүліктің үштен бір бөлігін ғана өсиет бойынша қалдыра алды. Ата мұрасы қазақ қоғамында әрқашан да үйдің кенжесіне қалдырылатын үлкен үлестің бірі. Ата мұрасы дағдылы қалыптасқан келісімшарттық жүйенің көрінісі дей келе, бұл институттың ауызша ғана болғандығына қарамастан, тараптардың бір-біріне берген сөзінің өзі заң болғандығын көрсетті, өйткені әдет-ғұрып бойынша адамның ар-намысы мен беделі жоғары құндылық ретінде қаралды. Ауызша куәліктің өзі шарттың сақталатындығына кепіл болды. В данной статье рассматриваются правовая природа, нормы и условия исполнения договоров наследования, в том числе Ата мұрасы. В системе Казахского обычного права договора, возникающие из отношений, связянных с наследованием, имеют свойственную раздновидность. В их числе можно рассматривать енші (доля) и ата мұрасы (завещенное наследство) и т.д. К тому же договорные отношения в казахском обществе носили устный характер, но обязываались к исполнению. В трудах ученых, исследовавших бытие казахской степи, а так же из официальных норм следует, что Казахское обычное право незнало норм, из которых следовало, что наследство передает ся только по завещанию. Есть сведения о существовании в XIX веке духовного завещания лица, имеющего право распоряжаться своим имуществом, однако наследодатель имел право завещать одну треть своего имущества только после удовлетворения интересов законного наследника. Ата мұрасы во все времена считалось долей, которая переходила к младшему из семейства. Однако дан ный институт имел много особенностей, которые могут являться самостоятельным предметом исследования. И несмотря на то, что оно существовало в устной форме, в первую очередь, оно было показателем того, что честь и гордость в казахском обычном праве являлись наивысшей ценностью.Библиографиялық сілтемелер
1 Артықбаев Ж.О. Жеті Жарғы– мемлекет және құқық ескерткіші
(зерттелуі,деректер,тарихы,мәтіні).– Алматы:Заң әдебиеті,2003. – 150 б.
2 Арғынбаев Х. Әке мұрасы және мұрагерлік құқық // Қазақтың
ата заңдары:Құжаттар,деректер және зерттеулер. 10 томдық,
2-басылым.– Алматы:Жеті Жарғы, 2005. – 2-т. – 80- 83 бб.
3 Өмірзақов Ө. Ресейге қосылғаннан не ұттық ? – Алматы : Санат, 1999. – 195 б.
4 Сборник киргизского обычного права // Материалы по казахскому обычному праву . – Алматы: Жалын , 1998. –С. 391-418.
5 ИсабековА.Қ.Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы:оқу құралы .–Алматы:Қазақ университеті, 2006. – 223 б.
6 Әлдибеков Ж.С. Қазақ мемлекетінің даму тарихының құқық тық-теориялық мәсе лелері:ХVІІғасырдың соңғы ширегі-ХVІІІ ғасырдың алғашқы жартысы. – Алматы. – 2007. – 416 б.
(зерттелуі,деректер,тарихы,мәтіні).– Алматы:Заң әдебиеті,2003. – 150 б.
2 Арғынбаев Х. Әке мұрасы және мұрагерлік құқық // Қазақтың
ата заңдары:Құжаттар,деректер және зерттеулер. 10 томдық,
2-басылым.– Алматы:Жеті Жарғы, 2005. – 2-т. – 80- 83 бб.
3 Өмірзақов Ө. Ресейге қосылғаннан не ұттық ? – Алматы : Санат, 1999. – 195 б.
4 Сборник киргизского обычного права // Материалы по казахскому обычному праву . – Алматы: Жалын , 1998. –С. 391-418.
5 ИсабековА.Қ.Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы:оқу құралы .–Алматы:Қазақ университеті, 2006. – 223 б.
6 Әлдибеков Ж.С. Қазақ мемлекетінің даму тарихының құқық тық-теориялық мәсе лелері:ХVІІғасырдың соңғы ширегі-ХVІІІ ғасырдың алғашқы жартысы. – Алматы. – 2007. – 416 б.
Жүктелулер
Как цитировать
Berdibaeva., A. K. (2016). Мұрагерлікпен байланысты туындайтын келісімшарттардың негізгі тетігінің бірі – ата мұрасының табиғаты. Природа наследства как основного вида договоров возникающих из отношений наследования. ҚазҰУ Хабаршысы. Заң сериясы, 72(4). вилучено із https://bulletin-law.kaznu.kz/index.php/journal/article/view/598
Шығарылым
Бөлім
МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯСЫ МЕН ТАРИХЫ