БУЛЛИНГКЕ ҚАРСЫ ТҰРУДА БОЙЫНША ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕНІ ҚАЗАҚСТАН ЗАҢНАМАСЫН ЖЕТІЛДІРУ КОНТЕКСІНДЕ БЕЙІМДЕУ МҮМКІНДІКТЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.26577/JAPJ1171202615Аннотация
Буллинг мәселесі қазіргі қоғамда өзекті және назар аударуды талап ететін маңызды проблемалардың бірі болып отыр. Бұл зерттеу Жапония, Оңтүстік Корея және Филиппин сияқты шет елдердегі буллингке қарсы күрес тәжірибесін талдауға арналған. Авторлар бұл тәжірибені Қазақстан заңнамасын жетілдіру контексінде бейімдеу мүмкіндіктерін қарастырды. Буллингке қарсы күрес саласындағы халықаралық тәжірибелер мен стандарттарды зерттеу негізінде Қазақстанның құқықтық және білім беру жүйесіне енгізу үшін пайдалы болуы мүмкін негізгі тәсілдер анықталды. Зерттеу буллингтің нақты заңнамалық анықтамасын енгізумен қатар, оның көріністері үшін тиісті құқықтық жауапкершілікті белгілеу қажеттілігін атап өтеді. Зерттеу салыстырмалы-құқықтық және аналитикалық тәсілдерге сүйеніп, шетелдік елдердегі заңнама мен тәжірибелерді талдау мен олардың Қазақстан жағдайына қолданылуын бағуды қамтиды. Алынған нәтижелер ғылыми және практикалық тұрғыдан маңызды, өйткені олар елдегі буллинг деңгейін төмендетуге бағытталған нормативтік актілер мен білім беру бағдарламаларын әзірлеуге нақты ұсыныстар береді. Зерттеудің үлесі буллингке қарсы күрес бойынша заңнамалық және ұйымдастырушылық шараларды жетілдіру бойынша ұсыныстармен, сондай-ақ халықаралық стандарттарға сәйкес балалар мен осал топтардың құқықтарын қорғауға ықпал етуімен ерекшеленеді.
Түйін сөздер: буллинг, қорқыту, буллингке қарсы тұру, заңнама, Қазақстан, халықаралық тәжірибе.
