ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТЕГІ АДВОКАТТЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JAPJ1171202614

Аннотация

Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетiгiнде әрбiр адамға құқықтық көмек көрсету жөнiндегi конституциялық мiндет жүктелетiн адвокаттың кәсiби қызметi маңызды рөл атқарады. Мұндай конституциялық борыш оның процессуалдық нысан шегінде адвокаттық қызметтің белгілі бір түрін жүзеге асыру процесінде іске асырылады. Ғылыми зерттеу тақырыбының өзектілігі адвокаттың көрсететін заң қызметінің процессуалдық жағдайын көрсету, бұл  бір жағынан, адвокаттардың өз клиенттеріне процестік іс жүргізудің әртүрлі түрлерінде заң көмегін көрсету кезіндегі мәртебесін неғұрлым егжей-тегжейлі талдауға, ал екінші жағынан, адвокаттардың құқықтық мәртебесін басқа жеке тұлғалардың заңгерлік қызмет көрсетулерінен ажыратуға мүмкіндік береді.

Адвокаттың сотқа дейінгі тергеп-тексерудегі, қылмыстық сот ісін жүргізудегі ерекше құқықтық жағдайы оның кәсіби және процессуалдық мәртебесіне байланысты. Қылмыстық сот ісін жүргізуде адвокаттың алатын орны мен атқаратын міндеттері қоғамның өзінің де адамгершілік, интеллектуалдық, рухани дамуын да, мемлекеттегі демократияның дәрежесін де, ондағы жеке адамдардың мәртебесін, олардың құқықтарын, бостандықтарын, мүдделерін, олардың қорғалуын көрсетеді. Қылмыстық процесте адвокаттың процессуалдық мәртебесі - бұл қорғаушыға оның құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін анықтауда және жүзеге асыруда, яғни олардың өкілдігінде, оларды алдын ала тергеуде және сотта заңды тәсілдермен және құралдармен қорғауда заң көмегін көрсету болып табылатын қорғаушының мәртебесі.

Зерттеуді түйіндей келе, авторлар тарапынан  қылмыстық процесте адвокаттардың өкілеттіктерін іске асыруды құқықтық қамтамасыз етуді жетілдіруге бағытталған бірқатар ұсыныстар беріледі, яғни, адвокаттардың дәлелдемелерді жинау жөніндегі өкілеттіктерін дамыту және нақтылау үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық процестік кодексіне толықтырулар енгізуді, сондай-ақ,  азаматтардың конституциялық құқықтарын шектейтін тергеу әрекеттері мен жедел-іздестіру іс-шараларын біріздендіру және осы нысанды қылмыстық іс жүргізу заңнамасында реттеуді ұсынады.

Түйін сөздер: адвокатура, құқықтық мәртебе, қылмыстық сот ісін жүргізу, кәсіби қорғау, кәсібилік,  сотқа дейінгі тергеп-тексерудегі адвокаттың процессуалдық мәртебесі.

Авторлардың биографисы

Г.Қ. Ізтұрғанова, Тұран Университеті, Алматы, Қазақстан

Тұран университеті, Құқық жоғары мектебінің 1 курс докторанты

Н.А.Алдабергенова, Тұран Университеті, Алматы, Қазақстан

заң ғылымдарының кандидаты, Тұран университеті, Құқық жоғары мектебінің профессоры

Д.Б.Бұғыбай, Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті, Ақтау, Қазақстан

заң ғылымдарының кандидаты, Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті, құқықтану кафедрасының қауымдастырылған профессоры

С.С.Дюсебалиева, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті, Атырау, Қазақстан

заң ғылымдарының кандидаты, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті, қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасының қауымдастырылған профессоры

Э.О. Тойлыбекова, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, Қызылорда, Қазақстан

PhD, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің қауымдастырылған профессоры.

Как цитировать

Ізтұрғанова, Г., Алдабергенова, Н., Бұғыбай, Д., Дюсебалиева , С., & Тойлыбекова, Э. . (2026). ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТЕГІ АДВОКАТТЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ. Journal of Actual Problems of Jurisprudence, 117(1), 172–181. https://doi.org/10.26577/JAPJ1171202614

Шығарылым

Бөлім

ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ КРИМИНАЛИСТИКА