СОТ САРАПТАМАСЫН ЦИФРЛАНДЫРУ: ДӘЛЕЛДЕУДІҢ САПАСЫНА ЫҚПАЛЫ ЖӘНЕ ПРОЦЕССУАЛДЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕР

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JAPJ1171202616

Аннотация

 

Аталған мақалада сот сараптамасының экспертологиясы тұрғысынан қылмыстық істер бойынша дәлелдеудің сапасына цифрландырудың ықпалы кешенді түрде зерттеліп, осы үдеріс барысында туындауы мүмкін процессуалдық тәуекелдерге баса назар аударылады. Сонымен қатар, сот сараптамасын цифрландыру қағидаттарын жалпы сараптамалық зерттеу рәсіміне де, сот сараптамасының жекелеген түрлеріне де қолдануға болатын дербес теориялар ретінде жіктеудің негіздемесі ұсынылады. Зерттеуде сот-сараптамалық практика шеңберінде цифрлық іздерді зерттеудің құқықтық және криминалистикалық маңызы қарастырылады. Әсіресе олардың қалыптасу тетіктеріне, дәлелдемелік күшіне, сондай-ақ цифрлық іздер мен ақпарат тасымалдағыштарды сот сараптамасының объектілері ретінде жіктеу мәселелеріне ерекше назар аударылады.

Зерттеу барысында сот-сараптамалық әдістерді алгоритмдендіру және цифрландыру проблемаларына, соның ішінде жасанды интеллект пен нейрондық желілерді қолдану мәселелеріне айрықша көңіл бөлінеді. Цифрлық технологияларды енгізу сараптамалық әдістемелерді әзірлеудегі дәстүрлі тәсілдерге елеулі өзгерістер әкелетіні, дәлелдеудің сапасына ықпал ете отырып, белгілі бір процессуалдық тәуекелдердің туындауына себеп болуы мүмкін екені көрсетіледі.

Зерттеудің ғылыми маңыздылығы сот сараптамасын цифрландыру жағдайында сарапшы қорытындысының дәлелдемелік мәртебесін теориялық тұрғыдан қайта пайымдаумен және сот-сараптамалық экспертологияның дербес теорияларын дамытуға қосқан үлесімен айқындалады. Ал практикалық маңыздылығы алынған нәтижелерді сот-сараптамалық қызметті құқықтық реттеуді жетілдіруде, сараптамалық әдістемелерді әзірлеуде және цифрлық сот сараптамаларын жүргізу кезінде туындайтын процессуалдық тәуекелдерді төмендетуде қолдану мүмкіндігімен сипатталады.

Түйін сөздер: сот сараптамасы, цифрландыру, сарапшы қорытындысы, дәлелдеудің сапасы, процессуалдық тәуекелдер, дәлелдемелер

Авторлардың биографисы

С.Б.Бақыт, Тұран Университеті, Алматы, Қазақстан

(автор- корреспондент) – заң ғылымдарының магистрі, Тұран университеті Құқық жоғары мектебінің докторанты

Г.Т. Алаева, Тұран Университеті, Алматы, Қазақстан

заң ғылымдарының кандидаты, Тұран университеті Құқық жоғары мектебінің профессоры

А.К. Жанибеков, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

PhD докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының профессоры

Э.Э.Юхневич, Гданьск Университеті, Гданьск, Польша

заң ғылымдарының докторы,, Гданьск университеті, құқық және басқару факультетінің профессоры

Б.С. Рахметулина, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті, Көкшетау, Қазақстан

заң ғылымдарының кандидаты, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің Құқық кафедрасының меңгерушісі

Как цитировать

Бақыт S., Алаева G., Жанибеков A., Юхневич E., & Рахметулина B. (2026). СОТ САРАПТАМАСЫН ЦИФРЛАНДЫРУ: ДӘЛЕЛДЕУДІҢ САПАСЫНА ЫҚПАЛЫ ЖӘНЕ ПРОЦЕССУАЛДЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕР. Journal of Actual Problems of Jurisprudence, 117(1), 191–202. https://doi.org/10.26577/JAPJ1171202616

Шығарылым

Бөлім

ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ КРИМИНАЛИСТИКА