1991 ЖЫЛЫ ҚАЗАҚСТАН МЕН ӘЗІРБАЙЖАН: ТӘУЕЛСІЗДІКТІ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ НЕМЕСЕ ЖАҢА МЕМЛЕКЕТТЕРДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ?

Авторлар

  • А.А. Салимгерей 1Г.С. Сапарғалиев атындағы Мемлекет және құқық институты, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан https://orcid.org/0000-0001-8956-4424
  • Р.Ф. Мамедов Баку мемлекеттік университеті, Баку, Әзербайжан https://orcid.org/0009-0007-4122-5002

DOI:

https://doi.org/10.26577/JAPJ1171202616%20

Аннотация

Мақала 1991 жылы Қазақстан мен Әзербайжанның мемлекеттік тәуелсіздігінің қалпына келуі мен қалыптасуы мәселесін халықаралық және ұлттық құқық контекстінде талдауға арналған. Екі республика да өз мемлекеттілігін халықаралық қоғамдастықта бекіткені атап өтіледі: Қазақстан — халықаралық-құқықтық мәртебесін «нөлдік нүктеден» қалыптастырған жаңа тәуелсіз мемлекет ретінде, ал Әзербайжан — ӘДР құқықтық сабақтастығы тұжырымдамасына сүйене отырып, өзінің халықаралық-құқықтық бірегейлігін қалпына келтірген мемлекет ретінде. Халықаралық құқықсубъектіліктің үздіксіздігі жөніндегі тұжырымдамалар, мемлекеттерді тану рәсімдері және халықаралық құқықтың жаңа әрі қалпына келтірілген субъектілерін тану тәжірибесі талданады.

Көптеген посткеңестік елдер өз Конституцияларының преамбулаларында мемлекеттіліктің ғасырлар, мыңжылдықтар бойы дамып келе жатқанын бекіткені атап өтіледі. Осыған байланысты мақалада Қазақстан Республикасының жаңа Конституция жобасында мемлекеттіліктің мыңжылдық даму тарихын бекітуі — дұрыс таңдау екені негізделеді.

Әзербайжан мысалы келтіріліп, онда преамбула мемлекеттіліктің көпғасырлық дәстүрлерін бекітетіні және тарихи тұрғыдан аумақтық тұтастықтың қалпына келуін, соның ішінде Таулы Қарабахтың қайтарылуын растайтыны көрсетіледі.

Түйін сөздер: Қазақстан, Әзірбайжан, мемлекеттілік, қалпына келтіру, тәуелсіздік, Конституция, тарихи-құқықтық сабақтастық, халықаралық құқық, аумақтық тұтастық.

Авторлардың биографисы

А.А. Салимгерей, 1Г.С. Сапарғалиев атындағы Мемлекет және құқық институты, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

заң ғылымдарының кандидаты, доцент, Қазақстан халықаралық құқық қауымдастығының төрағасы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Ғ.С. Сапарғалиев атындағы мемлекет және құқық институтының директоры

Р.Ф. Мамедов, Баку мемлекеттік университеті, Баку, Әзербайжан

заң ғылымдарының докторы, профессор, Түркі әлемін зерттеу жөніндегі халықаралық ғылымдар академиясының толық мүшесі, Баку мемлекеттік университетінің халықаралық құқық кафедрасының меңгерушісі

Как цитировать

Салимгерей, А. ., & Мамедов, Р. (2026). 1991 ЖЫЛЫ ҚАЗАҚСТАН МЕН ӘЗІРБАЙЖАН: ТӘУЕЛСІЗДІКТІ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ НЕМЕСЕ ЖАҢА МЕМЛЕКЕТТЕРДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ?. Journal of Actual Problems of Jurisprudence, 117(1). https://doi.org/10.26577/JAPJ1171202616

Шығарылым

Бөлім

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚ