ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІН ЖЕТІЛДІРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.26577/JAPJ117120265%20Аннотация
Мақала Қазақстан Республикасындағы зейнетақы жүйесін құқықтық реттеу мәселелеріне арналған.
Қазақстан – демократиялық, құқықтық, әлеуметтік мемлекет, оның саяси бағыты азаматтардың лайықты өмір сүруі мен еркін дамуы үшін жағдайларды қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл тұрғыда азаматтарды зейнетақымен қамтамасыз ету азаматтардың барлық санаттарының лайықты өмір сүруін қамтамасыз ету үшін белгілі бір көлемдегі мемлекеттік кепілдіктерді қамтамасыз етуді көздейді.
Мақалада посткеңестік мемлекеттер арасында зейнетақымен қамсыздандырудың ынтымақты жүйесін реформалауды алғаш жолға қойған мемлекеттердің бірі ретінде Қазақстан Республикасындағы зейнетақы жүйесінің динамикасы мен жай-күйі қарастырылған. Халықты зейнетақымен қамсыздандыруды қалыптастыру құрылымы анықталып, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық қызметін талдау нәтижелері ұсынылды.
Авторлар «зейнетақымен қамсыздандыру» ұғымына және зейнетақымен қамсыздандырудың құқықтық, әлеуметтік және экономикалық аспектілерін қарастырады. Сондай-ақ, жинақтау қағидатын сақтай отырып, бірақ зейнетақы қорларының мүмкіндіктерін және азаматтардың зейнетақымен қамсыздандыру бөлігінде жеке ерікті мүмкіндіктерін кеңейте отырып, зейнетақы жинақтарының жеткілікті кірістілігін қамтамасыз ету үшін зейнетақы қорларының инвестициялық портфелін әртараптандыру және зейнетақы активтері есебінен инвестициялау үшін жарамды қаржы құралдарының тізбесін кеңейту жөніндегі іс-шараларды одан әрі жүргізуді қолдайды, зейнетақы жүйесіне деген сенімді қалпына келтіру үшін Үкімет зейнетақы жүйесін дамытудың ұзақ мерзімді стратегиясын әзірлеуді ұсынады және зейнетақы жүйесінде түбегейлі реформалар бойынша жаңа бағдарлама қабылдануы қажет.деген қорытындыға келеді.
Түйін сөздер: зейнетақы жүйесі, үлестіруші және жинақтаушы модель, зейнетақымен қамсыздандыру, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, Әлеуметтік кодекс.
