ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ЖӘНЕ БЛОКЧЕЙН ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ЮРИСПРУДЕНЦИЯҒА ӘСЕРІ: ҚҰҚЫҚ ҚОЛДАНУ ЖӘНЕ НОРМАТИВТІК РЕТТЕУ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JAPJ117120262

Аннотация

Мақалада Қазақстан Республикасындағы қазіргі заманғы юриспруденцияның дамуына жасанды интеллект пен блокчейн технологияларының ықпалы құқық қолдану практикасы және нормативтік-құқықтық реттеу тұрғысынан қарастырылады. Аталған технологияларды пайдалану заң қызметінің тек техникалық аспектілеріне ғана емес, сонымен қатар негізгі құқықтық тәсілдерге де әсер ететіні көрсетіледі. Құқықтық маңызы бар фактілерді анықтау әдістері, дәлелдемелерге қойылатын талаптар, әкімшілік рәсімдерді жүзеге асыру тәртібі, сондай-ақ шарттарды жасасу және орындау практикасы өзгеріске ұшырауда. Электрондық құжаттарды, цифрлық қолтаңбаны, ақпараттандыруды, дербес деректерді қорғауды және әкімшілік рәсімдерді реттейтін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын талдау негізінде цифрлық технологияларды құқықтық бейімдеудің негізгі бағыттары айқындалды. Зерттеу нәтижелері құқық қолдану тәжірибесінде, сондай-ақ цифрлық технологияларды құқықтық реттеуді одан әрі жетілдіру барысында пайдаланылуы мүмкін.

Ғылыми мақала 2025-2027 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша гранттық қаржыландыру шеңберінде (Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті) ИРН AP26199757 «Жасанды интеллект пен блокчейн технологияларының интеграциясы жағдайында Қазақстанның трансформациясының құқықтық мәселелері» жобасын іске асыруға бағытталған.

Түйін сөздер: жасанды интеллект; блокчейн; цифрлық активтер; электрондық құжат; электрондық цифрлық қолтаңба; құқық қолдану; нормативтік реттеу; әкімшілік рәсімдер; цифрлық дәлелдемелер; дербес деректер; киберқауіпсіздік.

Авторлардың биографисы

Қ.Р. Усеинова, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

заң ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының меңгерушісі

A.A. Тоқтыбаев, Қазақстан Республикасы ІІМ М. Есболатов атындағы Алматы академиясы, Алматы, Қазақстан

заң ғылымдарының кандидаты, М. Есболатов атындағы ҚР ІІМ Алматы академиясының аға оқытушысы

А.М. Жапарбек, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

заң ғылымдарының магистрі, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының оқытушысы

Как цитировать

Усеинова, К., Тоқтыбаев, А., & Жапарбек, А. (2026). ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ЖӘНЕ БЛОКЧЕЙН ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ЮРИСПРУДЕНЦИЯҒА ӘСЕРІ: ҚҰҚЫҚ ҚОЛДАНУ ЖӘНЕ НОРМАТИВТІК РЕТТЕУ. Journal of Actual Problems of Jurisprudence, 117(1). https://doi.org/10.26577/JAPJ117120262

Шығарылым

Бөлім

МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯСЫ МЕН ТАРИХЫ