АҚШ, АЗИЯ ЕЛДЕРІНІҢ (МЫСАЛЫ, ЖАПОНИЯ, СИНГАПУР) ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ҚОРҒАУ ТӘЖІРИБЕСІ
DOI:
https://doi.org/10.26577/JAPJ2025116415Аннотация
Бұл мақалада АҚШ пен Азия елдеріндегі, соның ішінде Жапония мен Сингапурдағы дербес деректерді қорғау саласындағы құқықтық реттеу тетіктері мен олардың ерекшеліктері салыстырмалы-құқықтық тұрғыдан қарастырылады. Автор дербес деректердің қазіргі цифрлық қоғамдағы рөлі мен жеке өмірге қол сұқпау құқығын қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтеді. АҚШ тәжірибесі бірыңғай кешенді деректерді қорғау заңының болмауымен ерекшеленіп, жеке сектор мен мемлекеттік институттар арасындағы жауапкершілік бөлінісінің әлсіздігі тұрғысынан егжей-тегжейлі талданады. Онда деректерді қорғау негізінен салалық заңдармен (денсаулық, қаржы, білім және т.б.) реттелетіні, ал федералдық деңгейде бірыңғай құқықтық режимнің әлі қалыптаспағаны көрсетіледі.
Сонымен қатар, ғылыми мақалада Азия елдерінде, соның ішінде Жапония мен Сингапурда, деректерді қорғау жүйесі халықаралық стандарттарға сәйкестендіріле отырып, ұлттық мәдени және құқықтық дәстүрлермен үйлестірілгендігі айқындалады. Зерттеу барысында деректерді қорғаудың институционалдық құрылымы, реттеуші органдардың рөлі мен корпоративтік жауапкершілік мәселелері талданады. Мақалада сонымен қатар аймақтық ерекшеліктер мен жаһандық интеграциялық үрдістердің өзара ықпалы, халықаралық құқықтық үйлесімділік пен дербес деректердің қауіпсіз айналымын қамтамасыз ету қажеттілігі қарастырылған. Автор жаһандану жағдайында ұлттық заңнамаларды халықаралық стандарттарға үйлестіру қажеттігін және деректерді қорғауда құқықтық, технологиялық әрі мәдени факторлардың өзара байланысын айқындайды.
Түйін сөздер: дербес деректерді қорғау; жекешелік құқығы; АҚШ; Жапония; Сингапур; құқықтық реттеу; цифрлық қоғам; халықаралық стандарттар; деректерді басқару; салыстырмалы талдау
