ЭКОЛОГИЯЛЫҚ КӨШІ-ҚОН: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕР, ЦИФРЛЫҚ БАСҚАРУ ҚҰРАЛДАРЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН ТӘЖІРИБЕСІ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JAPJ202511647
        1 0

Аннотация

Бұл мақалада экологиялық көші-қон халықаралық құқықтың қалыптасып келе жатқан бағыты және жаһандық климаттық өзгерістер жағдайында маңызды құбылыс ретінде талданады. Зерттеудің мақсаты – экологиялық көші-қонды реттеудің халықаралық-құқықтық тетіктерін анықтау және цифрлық трансформация жағдайында олардың Қазақстанның ұлттық көші-қон саясатына ықпалдасу мүмкіндіктерін бағалау. Мақалада БҰҰ құжаттары, РКИК ООН тетіктері, Халықаралық көші-қон ұйымының бастамалары, сондай-ақ Еуропалық Одақ пен Германия тәжірибесі негізінде климаттық факторларға байланысты көшіп-қонуларды басқарудың институционалдық және цифрлық құралдары қарастырылады.

Зерттеу әдіснамасы салыстырмалы құқықтық талдауды, жүйелік көзқарасты және көші-қон процестерін басқаруда қолданылатын цифрлық шешімдерді зерттеуді қамтиды. Талдау нәтижелері цифрландырудың – спутниктік мониторинг, геоақпараттық жүйелер, жасанды интеллект және жаһандық деректер базалары – халықаралық реттеудің құрамдас бөлігіне айналып, көші-қон үрдістерінің болжамдылығын арттыратынын көрсетті.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы экологиялық көші-қонды реттеудің халықаралық-құқықтық және цифрлық тәсілдерін Қазақстан мен Орталық Азия аймағының ерекшеліктерімен кешенді түрде қарастыруында. Практикалық маңызы – зерттеу нәтижелерін көші-қон заңнамасын жетілдіру, климаттық тәуекелдерді мемлекеттік саясатқа енгізу және мониторинг пен ерте ескерту жүйелерін цифрландыруда қолдану мүмкіндігінде.
Жүргізілген талдау Қазақстанның халықаралық стандарттар мен аймақтық ынтымақтастық негізінде экологиялық көші-қонды цифрлық-құқықтық реттеудің ұлттық моделін қалыптастыруға әлеуеті бар екенін айқындады.

Түйін сөздер: экологиялық көші-қон, халықаралық құқық, цифрландыру, Қазақстан, климаттық тәуекелдер.

Автордың биографиясы

Р. Ережепқызы, Шымкент университеті, Қазақстан, Шымкент қ.

философия докторы (PhD), Шымкент университетінің құқық және тарих кафедрасының қауымдастырылған профессоры

Как цитировать

Ережепқызы, Р. (2026). ЭКОЛОГИЯЛЫҚ КӨШІ-ҚОН: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕР, ЦИФРЛЫҚ БАСҚАРУ ҚҰРАЛДАРЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН ТӘЖІРИБЕСІ. Journal of Actual Problems of Jurisprudence, 116(4). https://doi.org/10.26577/JAPJ202511647

Шығарылым

Бөлім

ТАБИҒИ РЕСУРСТЫҚ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚ