МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІНІҢ КӘСІБИ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ТИІМДІЛІГІ: ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАҒИДАТТАР МЕН МЕХАНИЗМДЕР

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JAPJ202511643
        3 0

Аннотация

Мақалада посткеңестік кеңістікте, әсіресе Қазақстан Республикасында, мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыру қажеттілігіне байланысты мемлекеттік қызметтің құқықтық және институционалдық негіздерін жетілдіру мәселелері қарастырылады. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейінгі кезеңде жаңа тәуелсіз мемлекеттер үшін мемлекеттік аппараттың қайта құрылымдалуы – демократиялық және құқықтық мемлекетті қалыптастырудың маңызды шартына айналды.

Зерттеудің мақсаты – мемлекеттік қызметшінің құқықтық мәртебесін анықтай отырып, мемлекеттік басқару тиімділігін арттыруға ықпал ететін факторларды талдау. Негізгі бағыттары – мемлекеттік қызметті реформалау, кадр саясатын жетілдіру, кәсіби этика мен жауапкершілікті нығайту және халықаралық тәжірибені ескере отырып, заңнамалық базаны оңтайландыру.

Жұмыстың ғылыми-практикалық маңыздылығы – мемлекеттік басқару жүйесін заманауи талаптарға сай қайта құруда құқықтық регламенттеудің рөлін көрсету. Әдістеме ретінде салыстырмалы-құқықтық талдау, нормативтік актілерді саралау, тарихи-құқықтық шолу және жүйелі талдау әдістері қолданылды.

Зерттеу нәтижесінде мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәртебесін нақтылау, кәсіби даярлық, этикалық талаптар және еңбек жағдайларын жетілдіру мәселелері жүйеленіп, басқарудың тиімді үлгілері ұсынылды. Автор мемлекеттік қызметшінің анты, қашықтан жұмыс істеу, мансаптық өсу мүмкіндіктері мен әлеуметтік кепілдіктердің өзара байланысын аша отырып, мемлекеттік аппараттың функционалды тұрақтылығына әсер ететін негізгі тетіктерді анықтады.

Бұл зерттеу құқық, басқару және мемлекеттік қызмет саласындағы ғылыми білімге үлес қосады. Жұмыс нәтижелері кадрлық саясатты жетілдіру, заңнама реформасын жүргізу және басқару мәдениетін арттыруда практикалық негіз бола алады.

Түйін сөздер: мемлекеттік басқару, құқықтық мәртебе, мемлекеттік қызмет, әкімшілік реформа, этика, кадр саясаты, кәсіби дамыту.

Авторлардың биографисы

А.К. Жаншабай, І.Жансүгіов атындағы Жетісу университеті, Талдықорған қ., Қазақстан

Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің құқық және экономика факультетінің 1 курс докторанты

Б.А. Сериев, І.Жансүгіов атындағы Жетісу университеті, Талдықорған қ., Қазақстан

(хат-хабарға жауапты автор) – заң ғылымдарының кандидаты, профессор, І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Басқарма мүшесі – жастар саясаты жөніндегі проректоры

Б.А. Тайторина, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы, Қазақстан

заң ғылымдарының докторы, құқықтану кафедрасының профессоры, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Ж.А. Хамзина, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы, Қазақстан

заң ғылымдарының докторы, профессор, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

М.Р. Конысбекова, І.Жансүгіов атындағы Жетісу университеті, Талдықорған қ., Қазақстан

заң ғылымдарының магистрі, құқықтық пәндер кафедрасының оқытушы-дәріскері, І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

Как цитировать

Жаншабай, А., Сериев, Б., Тайторина, Б., Хамзина, Ж., & Конысбекова, М. (2026). МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІНІҢ КӘСІБИ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ТИІМДІЛІГІ: ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАҒИДАТТАР МЕН МЕХАНИЗМДЕР. Journal of Actual Problems of Jurisprudence, 116(4). https://doi.org/10.26577/JAPJ202511643

Шығарылым

Бөлім

КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ