ҚҰҚЫҚТЫҚ ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУДА ЦИФРЛЫҚ ПЛАТФОРМАЛАР МЕН ОНЛАЙН-КУРСТАРДЫ ҚОЛДАНУ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JAPJ202511642
        7 0

Аннотация

Осы мақалада құқықтық пәндерді оқыту үдерісінде цифрлық платформалар мен онлайн-курстарды тиімді пайдалану мүмкіндіктеріне ғылыми талдау жүргізіледі. Бұл зерттеуде құқықтық пәндерді оқыту аясында цифрлық оқытудың артықшылықтары мен кемшіліктері сарапталып, сондай-ақ заманауи білім беру үдерісінде онлайн-курстарды тиімді интеграциялаудың мүмкіндіктері талданады. Сонымен қатар, құқықтық пәндерді оқытуда қолданылатын онлайн-курстардың мазмұны мен құрылымы талданып, оқу үдерісін цифрландырудың осы пәндерді меңгеруге тигізетін ықпалы қарастырылады. Жүргізілген талдау нәтижелері цифрлық платформалардың білім берудің қолжетімділігін арттырып қана қоймай, сонымен қатар білім алушылардың цифрлық құзыреттіліктерін дамытуға елеулі ықпал ететінін көрсетті. Онлайн-курстар білім алушыларға құқықтық жағдайларды ыңғайлы форматта оқып үйренуге мүмкіндік береді, ал цифрлық технологиялар оқытуда жеке көзқарасты қамтамасыз етіп, білім алушылардың жеке қажеттіліктеріне бейімделуге ықпал етеді. Сонымен, зерттеу барысында бірқатар мәселелер де анықталды, соның ішінде оқыту әдістемелерін жаңғырту қажеттілігі, оқытушылар мен білім алушылардың цифрлық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ білімді бағалаудың тиімді тетіктерін қамтамасыз ету қажеттілігі атап өтілді. Қорыта айтқанда, зерттеуде білім алушылардың оқу нәтижелерін жақсартуға бағытталған жекелендірілген әрі икемді білім беру ортасын қалыптастырудағы дәстүрлі және цифрлық оқыту әдістерін ұштастыратын аралас оқыту моделінің маңызы айқындалады. Зерттеу нәтижесінде құқықтық пәндерді оқыту үдерісінде онлайн-курстарды тиімді пайдалану бойынша ғылыми негізделген ұсыныстар әзірленеді.

Түйін сөздер: Білім, жоғары білім, цифрлық білім, құқықтық пәндер, білім беру технологиялары, цифрлық платформалар, онлайн курстар, жаппай ашық онлайн-курстар (ЖАОК)

Авторлардың биографисы

Д.Ж. Белхожаева, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы, Қазақстан

философия докторы (PhD), Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті құқықтану кафедрасының аға оқытушысы

А. Жомартқызы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы, Қазақстан

заң ғылымдарының магистрі, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті құқықтану кафедрасының аға оқытушысы

С.Ш. Даубасов, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қазақстан, Алматы

(корреспондент авторы) - заң ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының аға оқытушысы

А.Р. Бижанова, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы, Қазақстан

заң ғылымдарының докторы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті профессор

Как цитировать

Белхожаева, Д., Жомартқызы, А., Даубасов, С., & Бижанова, А. (2026). ҚҰҚЫҚТЫҚ ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУДА ЦИФРЛЫҚ ПЛАТФОРМАЛАР МЕН ОНЛАЙН-КУРСТАРДЫ ҚОЛДАНУ. Journal of Actual Problems of Jurisprudence, 116(4). https://doi.org/10.26577/JAPJ202511642

Шығарылым

Бөлім

МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯСЫ МЕН ТАРИХЫ