«Жасанды интеллект туралы» Қазақстан Республикасының заңы: іске асыру мәселелері және халықтың сауаттылығы

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JAPJ202511535
        204 58

Аннотация

Жасанды интеллект туралы ғылыми мақаланы жазудың өзектілігі – бүгінгі таңда ЖИ қоғамның, экономиканың және мемлекеттік басқарудың цифрлық трансформациясының негізгі факторы болып отырғанында. Оның дамуы адам мен мемлекеттің мүддесі үшін технологияларды қауіпсіз, жауапты және тиімді пайдалану мақсатында құқықтық, этикалық және әлеуметтік салдарларды талдауды қажет етеді.

Ғылыми мақаланы жазудың мақсаты – 2025 жылғы 24 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде қабылданған «Жасанды интеллект туралы» Қазақстан Республикасының Заңының ережелеріне құқықтық талдау жүргізу болып табылады. «Жасанды интеллект туралы» ҚР Заңына жүргізілген талдау нәтижесінде жасанды интеллект саласындағы қоғамдық қатынастарды мемлекеттік реттеу мақсаттары мен міндеттерінде маңызды аспектілердің бірі – адамның ойлау қабілетіне жасанды интеллекттің әсерін шектеу мәселесі қарастырылмағаны анықталды.

Бұл ретте әңгіме жасанды интеллекттің қалыптасып келе жатқан адам ойлауына әсерін шектеу туралы болып отыр, себебі ЖИ мүмкіндіктерінің қарқынды өсуі, әсіресе жас ұрпақтың зияткерлік дамуына нақты қауіп төндіруде.

Осыған байланысты, Қазақстанда халықтың жасанды интеллект жүйелерін пайдалану бойынша сауаттылығын арттыруға бағытталған ұйымдастырушылық шаралар қабылдау қажет. Әйтпесе, мемлекеттің адамның зияткерлік дамуына ЖИ әсерін бақыламауы қазақстандық қоғамның жедел деградациясына әкелуі мүмкін.

Ғылыми мақала Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті қаржыландыратын «BR27101389 Қазақстан Республикасының заң шығару процесіне жасанды интеллект құралдарын енгізу арқылы заңнаманың тиімділігі мен ашықтығын арттыру» атты бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бағдарламасы аясында дайындалды.

Түйін сөздер: жасанды интеллект, құқықтық реттеу, заң шығармашылығы, ойлау, халықаралық тәжірибе, цифрлық трансформация.

 

Авторлардың биографисы

А.А. Сәлімгерей, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

заң ғылымдарының кандидаты, директор Мемлекет және құқық институтының директоры, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Е.Э. Дүйсенов, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

заң ғылымдарының докторы, кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының профессоры, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Ә.И. Байдаулетова, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

медицина ғылымдарының кандидаты, сомнолог, невропатолог, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Н.С. Жумадилова, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

қылмыстық құқық, қылмыстық іс-жүргізу және криминалистика кафедрасының PhD докторанты, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Жүктелулер

Как цитировать

Сәлімгерей, А. А., Дүйсенов, Е. Э., Байдаулетова, А. И., & Жумадилова, Н. (2025). «Жасанды интеллект туралы» Қазақстан Республикасының заңы: іске асыру мәселелері және халықтың сауаттылығы. Journal of Actual Problems of Jurisprudence, 115(3), 43–52. https://doi.org/10.26577/JAPJ202511535

Шығарылым

Бөлім

КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ