ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ӘДІЛЕТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ЗАҢНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.26577/JAPJ202511532Аннотация
Зерттеудің өзектілігі Қазақстан Республикасындағы конституциялық реформалар үдерістеріне негізделеді. Бұл реформалардың басты мақсаты – демократиялық институттарды нығайту, Конституцияның үстемдігін қамтамасыз ету және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін кеңейту. Мақалада Қазақстан Республикасындағы конституциялық әділеттіліктің теориялық және заңнамалық негіздері қарастырылады.
Зерттеудің мақсаты – конституциялық әділеттілікті құқықтық реттеудің теориялық-құқықтық қағидаттарын конституциялық-құқықтық теория ережелері мен олардың заңнамалық бекітілу тәжірибесіне сүйене отырып талдау. Әдіснамалық негізді жалпығылыми талдау мен синтез, индукция мен дедукция, абстракция мен жинақтау әдістері, сондай-ақ арнайы салыстырмалы-құқықтық және лексико-құқықтық талдау әдістері құрайды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы – мемлекеттік билік органдарының қызметін бақылайтын жоғарғы орган ретіндегі ерекше мәртебесіне байланысты конституциялық соттардың қызметін референдум тетігі арқылы заңдастыру қажеттілігін негіздеуде көрінеді.
Зерттеу нәтижелері Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты заңды құқықтық алаңда қызмет ететінін және оның шешімдері даусыз заңды күшке ие екенін көрсетті. «Конституциялық Сот туралы» Конституциялық заңның негізгі жаңалығы – азаматтарға өздерінің конституциялық құқықтары мен бостандықтары бұзылған жағдайда Сотқа тікелей жүгіну құқығының берілуі. Бұл ұлттық конституциялық әділеттіліктің демократиялық әрі гуманистік сипатын күшейтеді. Зерттеудің практикалық маңызы Конституциялық Соттың рөлін әрі қарай теориялық және тәжірибелік тұрғыдан пайымдауға және осы саладағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған тұжырымдарды қолдану мүмкіндігімен айқындалады.
Бұл ғылыми мақала Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті қаржыландыратын «Ресей империясының күйреуі және Қазақ мемлекеттілігінің жандануы: тарихи-құқықтық талдау» гранттық жобасын іске асыру аясында әзірленді (AP19678348).
Түйін сөздер: Конституция, заңнама, конституциялық сот төрелігі, Конституциялық Сот, заңдылық, конституциялық шағым.
