СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ЖӨНІНДЕГІ ЗАҢНАМАСЫНА ҚҰҚЫҚТЫҚ МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JAPJ2025114214
        89 67

Аннотация

Сыбайлас жемқорлық мемлекеттің және қоғамның дамуына кедергі келтіретін құқықтық мәселе болып табылады. Мемлекеттің міндеті – сыбайлас жемқорлықтың мемлекетпен қоғамның дамуына теріс әсерін азайту. Бұл мақалада Қазақстан мен шетелдердің сыбайлас жемқорлықпен күреске қатысты бірқатар мәселелер зерттеледі. Авторлар Қазақстан Республикасының және шетелдердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы қылмыстық және өзге де заңнамасын талдайды. Әр мемлекет сыбайлас жемқорлықпен күрестің өз жолын таңдайды, мұның көп бөлігі қылмыстық және әкімшілік заңнаманың даму деңгейіне, қоғамның сыбайлас жемқорлықпен күреске қаншалықты қатысатынына, құқықтық сана деңгейіне және мемлекеттік қызметшілердің өздеріне байланысты. Сыбайлас жемқорлықпен тиімді күресіп жатқан шетелдер заңнамасы мен халықаралық құқықтық актілер үлкен қызығушылық тудырады, себебі олар тәжірибе алмасуға, қазақстандық құқықтық көзқарасты қайта бағалауға, сыбайлас жемқорлықпен
күреске қатысты ұғымдар мен құқықтық нормаларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы мен басқа да заңнамалық актілеріндегі тәсілдерді жетілдіруге мүмкіндік береді.
Зерттеу нысаны – қылмыстық құқық саласындағы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл жөніндегі заңнамасы. Зерттеу пәні: Қазақстан қоғамын әлеуметтік экономикалық жақсарту жағдайында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі заңнама негізінде қылмыстық құқық саласындағы қолданыстағы заңдарға доктриналық мониторингті жүзеге асыру.
Зерттеудің мақсаты. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша дамыған шетел мемлекеттерінің моделін Қазақстанның қылмыстық құқық нормаларына енгізудің әдіснамалық негіздерін белгілеу. Жұмыстың маңыздылығы. Қылмыстық құқық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет саласында жекелеген олқылықтардың орнын толтырудан, ҚР ҚК жетілдіру мәселелері бойынша заң шығару қызметінде қолдану мүмкіндігінен тұрады.
Түйін сөздер: сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, қылмыстық заңнама, қылмыстық жауапкершілік, жаза.

Жүктелулер

Как цитировать

Әділғазы, С., Амиров, Н. ., & Айдарханова, К. . (2025). СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ЖӨНІНДЕГІ ЗАҢНАМАСЫНА ҚҰҚЫҚТЫҚ МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ МӘСЕЛЕЛЕРІ. Journal of Actual Problems of Jurisprudence, 114(2), 158–170. https://doi.org/10.26577/JAPJ2025114214

Шығарылым

Бөлім

ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ КРИМИНАЛИСТИКА