НАРЫҚТЫҚ ЗАМАНДА КОММЕРЦИЯЛЫҚ ҮЙ-ЖАЙЛАРДЫ ЖАЛҒА БЕРУДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.26577/JAPJ2025114212Аннотация
Мақалада нарықтық замандағы коммерциялық үй-жайларды жалға берудің өзекті мәселелері қарастырылған. Автор қазіргі таңда кез-келген тұлғаның үй-жайларды жалға алу қолжетімділігіне қатысты шараларын ұсынады. Өзекті мәселелердің себептері мен салдарларын және кедергілерді жою қажеттігі зерттеу мақаласының негізгі мақсаты болып табылады. Мақаланың зерттеу әдістеріне сауалнама жүргізу мен салыстырмалы құқықтық әдіс-тәсілдерді жатқызамыз. Мемлекеттік қызметкерлермен, кәсіпкерлермен, студенттермен және тұлғалармен жүргізілген сауалнама нәтижесінде автор үй-жайларды жалға беру қызметіне баға бере отырып, олардың қоғам мүддесі үшін тиімді атқарылу жолдарын ұсынады.
Мақаланың теориялық негізі барысында әлемдік аренадағы заңгерлердің коммерциялық үй-жайларды жалға беру қызметіне қатысты тақырыбындағы ілгері еңбектері мен отандық криминологтардың негізгі еңбектері, статистикалық талдаулары мен қорытындылары пайдаланылды.
Мақаланың нәтижесі: коммерциялық үй-жайларды жалға беру барысындағы баға соммасының өршуі мен инфляцияны құрықтаудың негізгі жолы ретінде жалпы ішкі өнімді арттыру; мемлекет тарапынан тұрғын емес пен тұрғын үй құрылыстарын жүргізетін сондай-ақ, құрылыс заттарын өндіретін мекемелерге субсидия беру; сатушы мен сатып алушылардың отандық өнімдерді өткізу құлшыныстарын арттыру жұмыстары атқару; құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) сапасы мен бағасына оң әсер ету мақсатында бәсекелестікті (әсіресе мемлекет тарапынан) арттыру; шетел құрылыс компанияларын тұрғын үй құрылысына инвестор ретінде тарта отырып, оларға: отандық компаниялардың нарықтық бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру мақсатында және жұмыс істейті жастарға қолайлы жағдайлар жасау мен халықтың әлеуметтік осал топтарына қолдау көрсетуді талап қою; арнайы экономикалық айқмақтарды құрып, онда жұмыс жасап жатқан комипанияларға салықтан, кеден төлемдері мен бюджетке төленетін басқа да міндетті алымдардан жеңілдіктер қарастыру; халықтың тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелеріне қатысты құқықтық мәдениетін артыру; тұрғын үйге мұқтаж тұлғаларды құрайтын әкімдіктерде кезекте тұрған базасын Отбасы банк жүйесіне беру.
Түйін сөздер: нарықтық заман, коммерциялық үй-жайлар, жалға беру, сату-сатып алу, инвестиция, жалпы ішкі өнім, отандық тауарлар, құрылыс компаниялары.
Жүктелулер
Нұсқалар
- 2025-11-11 (4)
- 2025-11-11 (3)
- 2025-11-11 (2)
- 2025-06-20 (1)
