ЭЛЕКТРОНДЫҚ САУДА ЖАСАУДА ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУДЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.26577/JAPJ202511429Аннотация
Қазіргі заманғы даму кезінде көптеген елдерде цифрландыру экономикалық дамудың стратегиялық басым саласына айналуда. Цифрлық экономика - бұл өндіріс, бөлу, айырбастау және тұтыну жөніндегі экономикалық қатынастардағы интернет, ұялы байланыс, цифрлық технологиялар, яғни виртуалды шындық арқылы жүзеге асырылатын экономикалық қызмет болып табылады.
Автор мақалада электрондық сауданы дамытуда тиімді мүмкіндіктермен қатар, қауіп төндіретін тәуекелдердің орын алатындығын көрсете отырып, электорндық сауданың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін интернет-дүкен, электрондық коммерция құрылымын жүйелі түрде қалыптастыру үшін бірқатар авторлық ұсыныстар береді. Олардың қатарында цифрлық бизнестің даму жағдайын көтеру үшін Ұлттық ғылыми-зерттеу ұйымын құру, цифрлық коммерцияны дамытуда өңірлерде қоймалар салу үшін мемлекет тарапынан жермен қамтамасыз ету, сондай-ақ, логистикалық желілерді жетілдіру, экономиканың жекелеген секторларын технологиялық тұрғыда қайта жаңғыртуда жаңа инновациялық үлгілерді пайдалану, бизнес-жоспарлардың жаңа түрлерін енгізу, халыққа қызмет етудің заман талабына сай құрылымдарын бекіту сияқты ұсыныстар бар.
Дәстүрлі саудадан бөлек, цифрлық бизнестің қарқынды дамып жатырғандығын ескерсек, уақыт талабына сай IT мамандары жоғары сұранысқа ие. Осы ретте, автор цифрлық коммерция саласында мамандарды даярлау бойынша мемлекеттік іс-шаралар қабылдау қажет екендігін, оның ішінде өңірлердегі ауыл тұрғындары үшін арнайы курстар немесе бағдарламалар ұйымдастырудың қажет екендігін алға тартады.
Тұтынушылардың құқықтарын қорғауды күшейту мақсатында «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заңның жаңа редакциясында қосымша реттеу шаралары көзделген. Баршамыз білетіндей, Заңға Заңға «электрондық сату алаңы (маркетплейс)», «интернет-дүкен» және «ақпараттық-жарнамалық алаң» сияқты нақтыланған ұғымдарды енгізілді. Осы ретте, автор «электрондық коммерция» терминін енгізіп, оған ғылыми дәйекті түрде анықтама беруді ұсынады. Автордың пікірінше, электрондық коммерция ұялы телефонмен қызметтер мен жұмыстарға тапсырыс беру кезінде орын алатын тұтынушылардың құқықтарын бұзу мәселелерін реттеуге септігін тигізеді деп санайды.
Сондай-ақ, мақалада тұтынушылар туралы дербес деректерді қорғауды міндетті түрде қамтамасыз ету және кәсіпкерлердің тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзатын және (немесе) қысым жасайтын талаптарға жол бермеуін толықтыру ұсынылады.
Түйін сөздер: цифрлық экономика, электрондық коммерция, тұтынушы, тұтынушылардың құқықтары, сатушы, сатып алушы, цифрлық орта, интернет-дүкен.
