ОРНЫҚТЫ ДАМУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ОРГАНИКАЛЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНДІРІСІН ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ : ҚР МЕН ШЕТЕЛ ЗАҢНАМАСЫН САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ
DOI:
https://doi.org/10.26577/JAPJ202511539Аннотация
Ауыл шаруашылығы саласының жедел түрде дамып жатырған бағыты – бұл органикалық сектор болып табылады. Отандық және әлемдік азық-түлік нарықтарында органикалық азық-түлік өнімдері жоғары сұранысқа ие. Қазақстандық азық-түлік өндірісі әлемдік үрдістерден тыс қалмайды. Алайда, елімізде органикалық өнімдерді өндірудің, оларды таңбалау, сақтау және сапасын бақылаудың заңнамалық базасы қайта реттеуді, ауылшаруашылық өндірісінің органикалық секторын заңнамалық аспектілерін одан әрі нақтылауды талап етеді.
Зерттеудің мәні Қазақстанның орнықты дамуды қамтамасыз ету саласындағы халықаралық міндеттемелерді орындауы тұрғысынан Органикалық ауыл шаруашылығы өндірісінің құқықтық тетігі болып табылады. Орнықты даму жағдайындағы органикалық ауыл шаруашылығы өндірісін дамыту бағыттарының бірнеше аспектілерін бөліп қарастыруға болады. Біріншіден, бұл эрозия тұрғысынан, ауылшаруашылық өндірушілеріне тиісті өтемақы төленетін жерлерді артық өндіру жағдайында айналымнан шығару қауіпті болып табылады. Екіншіден, бұл экологиялық таза өндірісті ынталандыру. Үшіншіден, бұл агрохимиялық құралдарды қолдануға салықтар енгізілгенге дейін шектеу шаралары. Төртіншіден, бұл ағаш отырғызуды ынталандыру, су ағындарын реттеу және жалпы жерді қалпына келтіру, алайда, соңғысы өте сақтықпен жасалады. Сонымен, батпақтардың табиғи экожүйелердің элементі ретіндегі маңыздылығын мойындау олардың құрғауына өте мұқият қарауға әкеледі. Бесіншіден, бұл - тарихи ландшафттарды, соның ішінде ғимараттарды, тарихи мұраларды сақтау саясаты. Алтыншыдан, бұған негізінен халықтың кетуі байқалатын кейбір тау бөктеріндегі және ауылшаруашылық жағынан аз дамыған аудандарды дамыту және сақтау саясаты кіреді
Авторлар органикалық ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізудің құқықтық құралдарын зерделей отырып, аграрлық өндірісте орнықты даму қағидатын қамтамасыз етуді заңнамалық тұрғыда бекітуді ұсынады, шет мемлекеттердің заңнамасына салыстырмалы талдау жүргізеді, органикалық өндіріс туралы заңнаманы, ҚР жер заңнамасын жетілдіру бойынша ұсынымдар, экологиялық таза өнімдерге тұтынушыны сапалы өніммен қамтамасыз ету үшін әлемдік стандарттарға сай сараптамадан өтуге, жаңа инновацияларды тартуға, жаңа органикалық өнімдерді сертификаттауға, сондай-ақ, аграрлық өндірісте орнықты даму қағидатын қамтамасыз етуді заңнамалық тұрғыдан бекітуге қатысты, қолданыстағы ҚР Жер кодексінің нормаларына толықтыру енгізу туралы ұсыныстар беріледі.
Түйін сөздер: Орнықты даму, қоршаған ортаны құқықтық қорғау, экологияландыру, аграрлық өндірісті экологияландыру, ауыл шаруашылығы, органикалық өнім, экожүйе.
