ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘРПК ШЕҢБЕРІНДЕ ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ӨТІНІШТЕРІН ҚАРАУДЫҢ КЕЙБІР ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JAPJ202511426
        42 22

Аннотация

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің қабылдануымен мемлекеттік органдарда азаматтардың өтініштерін қараудың нақты тәртібін айқындауға мүмкіндік беретін мемлекеттік органдардың ішкі әкімшілік рәсімдеріндегі өзгерістер, бұл азаматтардың мүдделерін неғұрлым тиімді қорғауға, ал әкімшілік органдар мен лауазымды тұлғалар тарапынан халықтың мемлекет сенімінің деңгейін арттыруға ықпал етеді. Осы ретте, авторлар ұжымдық арыз-шағым беру рәсімін пысықтауды, апелляциялық шағым берудің ұжымдық нысанын құқықтық реттеуді, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, олардың  заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуде құқықтық нормаларды тұжырымдау бөлігінде орын алған кемшіліктердін жоюды қажет деп санайды.

Мақалада авторлар  «адам»,  «азамат», «жеке тұлға» терминдерінің өзара байланысы және олардың құқықтық мәртебесіне талдау жасалады. ӘРПК-нің негізгі терминологиясында «әкімшілік процесс», «әкімшілік сот ісін жүргізу»  ұғымдарының кешенді ғылыми-теориялық  анықтама беруді ұсынады. Зерттеу барысында әкімшілік рәсім және әкімшілік сот ісін жүргізу қатынастары мәселелері талданады.

Шағымдану құқығы – заң бұзушылықтарды жоюдың тиімді тәсілдерінің бірі, құқық бұзушылықтың алдын алу, адам мен азаматтың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау құралдарының бірі. Қазіргі кезеңде әкiмшiлiк рәсiм - iс жүргiзу заңнамасының ерекшелiгi бiздiң қоғамымыз үшiн негiзiнен әзiрге тек мамандарға ғана түсiнiктi,  жаңа терминдер мен институттарды қолданудың тиімділігін арттыру қажеттiгi туындауда. ӘРПК нормаларында көзделген жолданымдардың нысандарына, яғни  ұсыныс, арыз, шағым, өтінішхат түрлерінің анықтамасын беруді, сондай-ақ, әкімшілік процеске қатысушыларға әкімшілік актіні табыстаудың заңнамалық нормалары реттеуді,  жеке және ұжымдық нысанда апелляциялық шағым беру нысандарын реттейтін нормаларды жетілдіруді ұсынады.

Түйін сөздер: жеке тұлға, заңды тұлға, әкімшілік рәсім, әкімшілік орган, арыз, шағым, жолданым, әкімшілік сот, әкімшілік акт.

Жүктелулер

Как цитировать

Өмірәлі, Ж. ., Рахимова, Г. ., Омурчиева, Э., & Ильясова, Б. . (2025). ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘРПК ШЕҢБЕРІНДЕ ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ӨТІНІШТЕРІН ҚАРАУДЫҢ КЕЙБІР ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ. Journal of Actual Problems of Jurisprudence, 114(2), 59–68. https://doi.org/10.26577/JAPJ202511426

Шығарылым

Бөлім

КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ