БАЛА ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛ ИНСТИТУТЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ МОДЕЛЬДЕРІ : ОТАНДЫҚ ЖӘНЕ ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JAPJ202511424
        70 52

Аннотация

Мақалада қазіргі таңдағы бала құқықтары мен бостандықтарын зорлық-зомбылық пен қанаудан қорғаудың маңызды нысаны ретінде Бала құқықтары жөніндегі уәкіл институтының құрылым модельінің тиімділігі зерттелген, сондай-ақ, бала құқықтары жөніндегі уәкілдер қызметінің шет мемлекеттердегі тәжірбиелер зерделенеді. Авторлар Балалар омбудсмені институтын қалыптастыратын 4 модельді талдай отырып, олардың оң және теріс тұстарын анықтайды, сондай-ақ, бала құқықтары жөніндегі уәкіл қызметінің тиімділігінің критерийлерін қарастырады.

Авторлардың пікірінше, Бала құқықтары жөніндегі Уәкілдің құқықтық мәртебесін арттыруда біріншіден, заңнамалық деңгейде реттеліп, конституциялық заңнамада бекітілуі қажет, екіншіден, Қазақстан Республикасының Конституциясына, халықаралық стандарттарға және қазіргі заманғы мемлекеттік басымдықтарға қайшы келетін құқықтық нормаларды анықтау мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасына егжей-тегжейлі мониторинг жүргізген жөн. Себебі, Конституцияның 4-бабында көзделген республика бектіткен халықаралық шарттардың нормалары іс жүзінде жүзеге асырылмай отыр. Тиісті мониторингті Қазақстан Республикасы ратификациялаған екіжақты және көпжақты шарттық міндеттемелердің шеңберінде де жүргізу қажет.

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл институтының қалыптасуы балаларды қорғау тетіктерінің барлық саласында туындайтын  проблемаларды жоюға мүмкіндік береді, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының және лауазымды тұлғалардың қызметін ынталандыруға оң әсер етеді. Бала құқықтары жөніндегі уәкіл қызметінің негізгі мақсаттары кәмелетке толмағандардың қажеттіліктерін, құқықтары мен мүдделерін қорғау, Бала құқықтары туралы конвенцияны, балалардың конституциялық құқықтарын сақтау үшін күресу және олардың таралуына ықпал ету болып табылады.

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл қызметінің халықаралық тәжірибесі көрсеткендей, шет мемлекеттерде бала құқықтары жөніндегі омбудсмен институты «балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін құрылған, заңнамалық түрде құрылған тәуелсіз орган» ретінде анықталады, сондай-ақ, Балалар омбудсмені институты балалардың құқықтарын қорғаудың дербес институты ретінде танылады.

Түйін сөздер: бала құқықтары, Бала құқықтары жөніндегі уәкіл, конвенция, модель, ұлттық заң, омбудсмен, комитет, үкіметтік емес ұйымдар.

Жүктелулер

Как цитировать

Есекеева A. ., Адилова, К., & Отеуова, А. (2025). БАЛА ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛ ИНСТИТУТЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ МОДЕЛЬДЕРІ : ОТАНДЫҚ ЖӘНЕ ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕ. Journal of Actual Problems of Jurisprudence, 114(2), 38–48. https://doi.org/10.26577/JAPJ202511424

Шығарылым

Бөлім

КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ