ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМНЫҢ СОЦИЕТАЛДЫ КОНСТИТУЦИОНАЛИЗМНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫНА ӘСЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.26577/JAPJ202511422Аннотация
Құқықтық мемлекеттің, демократияның қалыптасуы мен жетілдірілуі азаматтық қоғамның дамуымен тығыз байланысты. Мемлекеттің әлеуметтік қызметін зерттеу, әлеуметтік мемлекет моделінің қалыптасу жолдарын зерделеу әртүрлі тарихи кезеңдерде жүрді. Әлеуметтік қолдау мәселесі бұрыннан пайда болды, бірақ ұзақ уақыт бойы әр түрлі қоғамдардың әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерінде заңмен бекітілмеген. Қазақстан қоғамы заңнамалық негізде тұрақты жұмыс істейтін әлеуметтік саясатты құру бағытын Конституциямен бекітіп берді. Бұл қоғам мен мемлекет өмірінің барлық салаларының табысты болашақ дамуының кепілі болып табылады. Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамның социеталды конституционализмнің қалыптасуы елдің саяси, әлеуметтік және құқықтық саладағы өзгерістерді көрсететін маңызды процестер болып табылады. Бұл тек конституциялық принциптердің негізгі тұстарын нақтылап қана қоймай, азаматтардың әлеуметтік құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беруін белгілейді. Ал, азаматтық қоғам саяси, әлеуметтік және экономикалық процестерге әсер ете отырып, азаматтардың құқықтарын қорғауға және қоғамдық пікір қалыптастыруға бағытталған тәуелсіз қоғамдық ұйымдардың, институттар мен бастамалардың жиынтығы бола отырып, мемлекеттік салалардан тыс қызмет атқарады. Ұсынылған мақала азаматтық қоғамның социеталды конституционализмнің қалыптасуына әсерін зерделеуге арналған.
Зерттеу мақсаты. Азаматтық қоғамның социеталды конституционализмнің қалыптасуының әсерін зерделей отырып, оның проблематикасын анықтау.
Түйін сөздер: мемлекет, азаматтық қоғам, конституционализм, әлеуметтік мемлекет, әлеумет.
Жүктелулер
Нұсқалар
- 2025-11-22 (4)
- 2025-11-11 (3)
- 2025-11-11 (2)
- 2025-06-20 (1)
