ЗАМАНУИ ЖАСТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ МЕНТАЛДЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JAPJ202511421
        157 97

Аннотация

Мақала замануи қазақстандық қоғамдағы жастардың құқықтық мәдениеті мәселелерін зерделеуге арналған. Мақаланың мақсаты жастардың құқықтық мәдениетінің деңгейін, олардың өз құқықтарын қаншалықты білетіні мен тәжірибеде қолдана алуын, жастар санасындағы құқықтық нигилизмін зерделеу болып табылады. Сонымен бірге мақалада құқықтық мәдениеттің мәні мен түсінігі, олардың әртүрлі анықтамалары, оның құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам құрудағы құндылығы қарастырылды. Бұл ғылыми жұмыс отандық және шетелдік ғалымдардың қарастырып отырған мәселелерге қатысты ғылыми зерттеулерін талдау және авторлардың эмперикалық зерттеуі нәтижелерінде әзірленді. Мақалада қазақстандық жастардың құқықтық мәдениетінің қалыптасуының заңдылықтары мен себеп-салдарын анықтау мақсат етілді Осы мақсатта әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттері арасында құқықтық мәдениетті қалай қабылдайтындығы мен оның деңгейін анықтау мақсатында сауалнама түрінде әлеуметтік зерттеу жүргізілді. Сауалнамаға заң және экономиканың жалпы саны 300-ден астам 1-4 курс студенттері қатысты. Жүргізілген зерттеу келесідей негізгі факторлармен ерекшеленеді: жастардың құқықтық мәселелерге деген қызығушылығы, адам құқықтары мен бостандықтарына қатысты қоғамдағы жағдай, құқыққорғау органдарына сенімсіздік, азаматтық белсенділіктің төмен деңгейі, құқықтық нигилизм  және тағы басқалары. Бұл ерекшеліктер еліміздегі адам құқықтарын қорғау жүйесіне жастардың қарыма қатынасы төмен деңгейін, азаматтық қоғамның әлі толық қалыптаспағандығын, құқықтық мәдениеттің деңгейін көтерудің тиімді жүйесі, құқықтық ақпаратты таратудың, құқықтық білімді пайдаланудың жүйесі қалыптаспағандығын көрсетеді. Бұның барлығы жастардың құқықтық тұрғыдан қалыптасуы мен заң үстемдігін орнығу процесін қиындатады, осының салдарынан, азаматтық қоғамның дамуы бәсеңдейді. Мақала қорытындысында қоғамда жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыруға қатысты заңнамалық өзгерістер ұсынылды.

       Түйін сөздер: құқықтық мәдениет, заң үстемдігі, құқықтық нигилизм, менталдық ерекшелік, құндылықтар, жастар, Z ұрпағы

Жүктелулер

Как цитировать

Бакиров, Д., Жуламанова, Д. ., & Кошкинбаева, А. (2025). ЗАМАНУИ ЖАСТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ МЕНТАЛДЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. Journal of Actual Problems of Jurisprudence, 114(2), 4–16. https://doi.org/10.26577/JAPJ202511421

Шығарылым

Бөлім

МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯСЫ МЕН ТАРИХЫ